ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ 2 ЖЫЛДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

13:15, 19 ақпан 2021

ДК: Білім беру ошақтарында  үш ауысымда оқыту өткен күннің еншісінде қалуы керек. Президент Үкімет пен облыс басшыларының алдына осындай міндет қойды. Ақмола облысы бойынша 7 мектеп үш ауысымда білім береді. Бұл мәселені шешу мақсатында Көкшетау қаласында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл анықтап көрді.

РКС: Екі апталық карантиннен соң №1 орта мектеп-гимназиясы қайтадан білім беру процесін бастады. Көкшетауда үш ауысымды оқыу жүйесінен арыла алмай келе жатқан екі мектеп болса, соның бірі осы білім ошағы.

СНХ:ГҮЛВИРА ӘЛІМОВА, №1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Қазіргі кезде кезекші сыныптар оқытылып жатыр.  Бұл бастауыш және 5-ші,9-шы және 11 сыныптар. Кезекші сыныптардың барлығы штат кестесіне сәйкес оқытылады. Таңертең бастауыш сыныптар мен 9-11 сынып аралығында  оқиды. Түстен кейін бізде бесінші сынып бар. Карантиндік шаралар әлі күшінде болғандықтан, қазіргі уақытта кабинеттер жеткілікті.

РКС: Үш ауысымда оқыту тек балалар мен ұстаздар үшін ғана емес, сонымен қатар тығыз жұмыс кестесі бар ата-аналар үшін де қиындық тудырып отыр.

СНХ: ГҮЛШАТ ХАСЕНОВА, АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ///аударма///  Әсіресе ата-аналарға баланы мектепке апару, сонымен қатар мектептен алып кету біз үшін қиын. Балалар сабақтан кеш шығады. Ол кезде ата-аналары жұмыстан босамай жатады.

РКС: Былтыр облыста 12 мектеп  үш ауысымда оқыды. Оның 5-інде қосымша ғимарат салу мәселесі шешілді.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көкшетау қаласында қосымша 2 оқу корпусы салынуда. Оның бірі - №1 мектеп-гимназиясындағы 600 орынға арналған үлкен оқу ғимараты. Корпусты биыл пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, облыс орталығында 360 орынға шақталған  № 4  мектеп-гимназиясының жаңа корпусы салынып жатыр.

РКС: Ақмола облысының әкімі «үш ауысым» мәселесін алдағы екі жыл ішінде түбегейлі шешу міндетін қойды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ИВАН ОДНОРОГ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...