
ДК: Бүгін «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері марапатталды. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев ақшалай сыйлықтар табыстап, түлектерге сәттілік тіледі.
Интершум: марапаттау
РКС: Биыл аймақта 11-сыныпты 4617 түлек тәмәмдады. Оның 270-і «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері. Бұл жолы аймақ басшысы үздік оқушылардың әрқайсысына 100 мың теңгелік сертификат беруді ұйғарыпты. Айтуынша, мұндай қолдау көрсету жастардың дамуына мүмкіндік береді.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен кұттықтаймын! Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Бүгінгі марапаттарыңыз 11 жыл бойы алған білімдеріңіздің жемісі, бұл білікті ұстаздарыңыз бен жауапкершілігі мол ата-аналарыңыздың ортақ жеңісі.
РКС: Осы жылы ең көп «Алтын белгі» иегерлерін дайындаған білім ордалары да анықталды. Олардың қатарында Степногорскідегі Қ.Сәтпаев атындағы нөмірі 9-шы жалпы орта мектебі, Щучинск қаласының нөмірі 7-ші және Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі, Целиноград ауданы Қоянды ауылының нөмірі бірінші және Жалғызқұдық ауылының орта мектебі бар. Сонымен қатар Сандықтау ауданы Балкашино ауылының нөмірі бірінші мектебі де топ жарған. Олардың әрқайсысы кем дегенде үздік 5 оқушыны ұсынған.
СНХ: МАХАББАТ ҚАПАРОВА, «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ (БУРАБАЙ АУДАНЫ): 11 жыл бойы өте қатты еңбек етуіміз қажет болды. Бүгін алтын белгіні алу арқылы ата-анамның үмітін ақтап шықтым. Осы алтын белгіні қатты армандаған едім, міне бүгін сол мақсатыма да жеттім. +++скл++ 00:47 Мен өзім медицина мамандығын таңдадым. Болашақта Қазақстанның медицинасын жақсартуға өзімнің үлкен үлесімді қосқым келеді.
РКС: Қазақстанның мақтанышына айналған жастар аз емес. Мектеп бітіруші түлектердің қатарында шетел университеттеріне грант ұтып алған үздік оқушылар да бар. Сонымен қатар халықаралық, республикалық байқауларда үздік үштікке іліккен түлектердің қатары көбейіп келеді.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ