ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:56, 12 сәуір 2021

ДК: Алтын құрсақты ақ жаулықтылар марапатталды. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса «Алтын» және «Күміс алқа» иелеріне ерекше құрмет көрсетіп, Алғыс хаттар табыстады. Игі бастама «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада көрініс тапты.

РКС:Марапатқа ие болғандардың бірі  - Нұргүл Бөкенова. «Алтын алқа» иегері 7 баланы дүниеге әкелген. Бүгінде сол ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беріп отырған бақытты ана. Ер жеткенде еліне адал қызмет ететін тау тұлға болуларын  армандайды. 

СНХ: НҰРГҮЛ БӨКЕНОВА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ//қаз//Осы мереке қарсаңында марапттап жатқанына өте қуаныштымын. Көп рахмет. Иә, 7 балам бар. Үлкені 14-те болса, кішісіне 1 жыл 3 ай. Болашақта мен балаларым елдің дамуына өз үлестерін қосатын азамат, азаматшалар болғанын қалаймын.

РКС: Сондай-ақ, марапатталғандардың арасында қоғамдық жұмыстарға  белсене араласып жүрген аналар да бар. Яғни, олар тек отбасы, ошақ қасында ғана емес, елдің рухани өміріне де етене араласып жүр. Қазақтың сәндік қолданбалы өнерін, ою-өрнегін дәріптеген Ғалия Алдабергенова да көпбалалы ана ретінде әкім қошеметіне бөлінді.

СНХ: ҒАЛИЯ АЛДАБЕРГЕНОВА, «АҚАЙ» СӘН ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//аударма//Мен дизайнер ретінде осы бағдарлама ұлттық сананы жаңғыртуға, ұлттық киімдерді дәріптеуде үлкен рөл атқарғанын атап өткім келеді.Сондықтан да мен ұлттық нақыштағы киімдерге екпін түсіріп, тігіп жатырмыз. Ал, сол жобаны қолдап жатқан сіздерге мың алғыс.

РКС:Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бұл жобаның жүйелі жүзеге асыруына атсалысқан жергілікті белсенділер де назардан тыс қалмады. Айта кету керек, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының бастамасымен қолға алынған еді. Төрт  жылда іргелі істер атқарылды. Тек қала бойынша 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған. Оған 200 мыңнан астам адам қатысты.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ//қаз, есть рус////Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. ++скл++Бұл бағдарлама мені азамат ретінде толғандырды. Болашаққа ұмтылған халықтың туған жері мен мәдени мұрасын сақтауға көкшетаулықтар зор үлес қоса білді. Мерейіміз үстем болсын.

РКС: Иә, Тұңғыш Президенттің бұл бағдарламасы қалың қарашаның санасына серпіліс беріп, бір сергітіп тастағаны жасырын емес. Сондықтан, осы игі жоба аймақта да одан әрі жалғаса бермек.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...