ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

13:34, 23 ақпан 2021

ДК: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары өз жемісін беріп жатыр. Яғни, облыс орталығынан шалғай орналасқан 600-ге жуық тұрғыны бар бүтін бір ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Алыстағы ағайынның қуанышын әріптесім Абзал Азаматұлы көріп қайтты.

РКС: Бұл Біржан сал ауданына қарасты Аңғал Батыр ауылы. Көп жылдан бері ауыл тұрғындары тіршілік көзінен таршылық көріп келген. Десе де, бүгінде бұл мәселе шешімін тапқан.

Ест.шум үйдегі су ағып жатқан сәт.

РКС:  Осылайша,  ауыл тұрғындары суды үйлеріне дейін кіргізіп алған. Солардың бірі - Жолдасовтардың отбасы. Шаңырақтың отанасы судың үйде болғаны бірсыпыра жұмысымызды жеңілдете түсті деп  қуанышын білдірді.

СНХ: ИНДИРА ЖОЛДАСОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ// қаз// Біздің ауыл қаладан алшақ болғанымен өміріміз қалалықтардан кем емес. Су- тіршілік көзі ғой. Үйде жылы суда, ыстық суда бар.  Біраз шаруамыз жеңілдеді.  Енді әйел адамға судың үйде болғаны жақсы, ыңғайлы ғой. Кім ойлаған біздің ауылдың суы үйге кіргізіледі деп. Өзіміз әзер сеніп отырмыз. Осындай жағдай жасаған ауыл әкімшілігіне айтар алғыс көп.

РКС: Сонымен қатар, орталықтандырылған су жүйесіне ауылдағы әлеуметтік нысандарда да қосылған. Оның ішінде білім ошағы мен  ауыл мешіті бар. Айта кетелік, ауылдағы мектеп 1984 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда 110 оқушы білім алуда. 

СНХ: НҰРЛАН ШОНТАЕВ, А.ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ АҢҒАЛ БАТЫР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз//Мектепке сапалы ауыз судың қажеттілігі өте зор. Бізде су+скл+ащы болды. Ол әрине оқушылардың денсаулығына зиян ғой. Сондықтан, осындай тұщы ауыз судың тигізер пайдасы көп. Қуаныштымыз.

РКС: Айта кетелік, тартылған су құбыры желісінің  ұзындығы 15 шақырым. Сонымен қатар, ауыл көшелерінде 119 арнайы құдық та орнатылған.

СНХ: ӘМИНА ЖАҚЫПОВА, АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ//қаз///Республикалық қазынадан 466 млн 500 мың теңге қаражат бөлінді. Көптеген жұмыс атқарылды. Су құбыры қазылды,  міне көріп тұрғандарыңыздай насосный станция орнатылды. Халық+скл+риза.

РКС:Қазіргі таңда 35 отбасы ауыз суды үйлеріне кіргізіп алған. Бұл ауылдағы тұрғындардың 30 проценті. Ал, жыл соңына дейін елдімекеннің барлық халқы тіршілік көзін үйлеріне қосып алуды көздеп отыр. Жалпы Біржан сал ауданын бойынша тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы 7 ауылда су құбыры іске қосылса, биыл  тағы 9 елдімекенді тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,  «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...