ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

17:39, 22 қаңтар 2021

ДИКТОР: Антикоррупция орталығының қызметінен жедел әрі эксклюзивті ақпарат тарататын «AntikorNews» жаңалықтар топтамасына Иордания корольдігі зор қызығушылық танытып отыр.  Аталмыш тележоба былтыр сәуір айынан бастап біздің «Көкше» телеарнасынан да  көрсетіліп келеді.

РКС: Былтыр коронавирус дес бермей, карантинге жабылғанда, Үкіметтік ұйымдардың барлығы жұмысын онлайнға оңтайлады.  Осы ретте, алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының ашықтығын көрсету мақсатында «AntikorNews» жобасын бастаған еді.

СНХ: ПЕРИЗАТ СӘДУАҚАС, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СЕРІКТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: /ҚАЗ/ 4:25 Аз ғана уақыт аралығында бұл медиа жоба өзінің нәтижелілігін көрсетіп, сұранысқа ие болды. Соның дәлелі – бізге Иордания корольдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы коммиссиясы хабарласып,  «AntikorNews» жобасына жоғары қызығушылық танытып, жобаның тұжырымдамасын алу мүмкіндігі туралы өтініш жасады. Ол тұжырымдама комиссияға біздің тарапымыздан ресми түрде жолданды. Бүгінгі күні Иорданияның аталмыш ведомствосы бұл жобаны өздерінде  іске қосу туралы мәселені пысықтап, жоспарлау үстінде.

РКС: Тележобада агенттік пен оның өңірлердегі департаменттерінің қызметтері мен парақорларды ұстаған арнайы операциялар барысынан эксклюзивті жаңалықтар көрсетіледі.

СНХ: ДИНАРА НҰРТАЗ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ /РУС/:///«AntikorNews» жобасы аясында барлығы 40-тан астам жаңалықтар топтамасы «Көкше» телеарнасынан шығарылды.  Мұнда заңнамадан бастап, «Адалдық алаңы», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы», «Адал көмек», «Антикор Лайф», «Сапалы жол» секілді департаменттің ауқымды жобаларының нәтижелері туралы жан-жақты ақпараттар қалың көпшілікке ұсынылып отырады.

РКС: Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруда шетелдік агенттіктердің қызығушылық танытып отырған бұл  жобасы арнамызда  әр дүйсенбіде кешкі  сағат 17:00-де эфирге шығады.  

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар