ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АПАТТЫ ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҚҰЛАДЫ

19:34, 13 шілде 2021

ДК: Шучинск қаласы, Майская көшесі 21-де орналасқан тұрғын үй апатты жағдайда.  Редакциямызға хабарласқан тұрғындар  бірер күн бұрын ғана үйдің шатыры құлағанын айтты. Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл оқиғаның мән жайын толығырақ баяндайды.

РКС: Қазір мына тұрғын үйде тек 3 отбасы ғана өмір сүреді. 25 пәтерлі үйдің қалған тұрғындары қауіптен қашып, көшіп кеткен. Тұрғындар өз күшімен 2018 жылы шатырды ауыстырған. Дегенмен, өткен ғасырдың 30-жылдары салынған үйді қанша жамағанымен нәтижесі ұзаққа бармай, мәселе одан әрмен күрделенген.

СНХ: ЖАНСӘУЛЕ ТҰРЫҚҰЛОВА, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма/// Осы үйде тұрып жатқаныма 9 жылдан асты. 3 жыл бұрын бұршақ жауған сәтте, үйдің төбесіндегі гипс опырылып, басыма құлап кетті. Содан кейін әрең дегенде үйге жөндеу жұмыстарын жасадым. Үй әбден ескірген. Жалақымның аздығынан күн көрудің өзі ауыр. Жылдағыдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдайым жоқ.

РКС: Тұрғындар бір емес, бірнеше рет жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгінген. Алайда құзырлы органдар көмекке келуге әлі асықпайды,- дейді қала тұрғыны.

СНХ: ЛИЛИАНА СУЩИЦКАЯ, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма/// 2012 жылы жоғарыдағы пәтерде өрт болды. Содан менің үйімді су басты. Жөндеу жұмыстарын жасадым. Содан біздің пәтердің бір бұрышы құлап түсті. Әкімдікке, жер бөліміне жүгіндік. Олар көмектесе алмаймыз деп жауап қайтарды.

РКС: Ендігі мәселенің қашан біржақты болатыны әлі белгісіз. Жауабын білмекке жергілікті әкімдікке хабарластық.

СНХ: ЮРИЙ СЕРГЕЕВ, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// Бізде қазір оларды алып, қоныстандыратын баспана жоқ. Тұрғын үйді төтенше жағдай деп жариялау үшін белгілі бір рәсімдерді орындау қажет. Қазір бұл тұрғын үй апаттық жағдай емес деп ойлаймыз. Тұрғындар алдымен тұрғын үйді қауіпті деп тану үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауы керек.

РКС: Бүгінгі таңда әкімдік тарапынан атқарылған шара - үйдің тұрғындарына құжаттар жинауға қатысты ақпараттық қолдау көрсетілді, хаттамалардың үлгілері берілді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...