ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

19:31, 28 маусым 2022

ДК: «Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды. 12-ші рет өткізілген байқауға биыл 54 қатысушыдан өтінім түскен. Өңір басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды марапаттады.

РКС: Төртінші билік – қоғамдық-саяси жүйедегі маңызды институт. Тәуелсіз және кәсіби журналистика кез-келген елдің даму көрсеткіштерінің бірі. Заманауи медиақатынастар мен ақпарат құралдарының жоғары деңгейі ең дамыған, өркениетті елдердің үлесіне тиесілі дүниелер. «Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауы осы ұстанымның айқын көрінісі. Байқау Ақмола облысының журналистері, республикалық меншікті тілшілері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі, штаттан тыс тілшілер мен блогерлер арасында өткізілді. Өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін үздік ақпараттық қамтамасыз ету – байқаудың басты мақсаты.

 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Кәсіби мерекелеріңіз ақпарат саласы қызметкерлері күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бүгін өңіріміздегі баспасөз және ақпарат саласында 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. «Көкше» телеарнасы жас мамандарды дайындауда басты шеберханамыз. Мұнда талантты, қоғам алдында өздерінің зор жауапкершілігін түсінетін қызметкерлер жұмыс істейді. Билік пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір ретіндегі ақпараттық қызметтеріңіз үшін рахмет!  

 

РКС: Байқау қорытындысы байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында шығарылды. Жеңімпаздар «Менің рәміздерім», «Үздік талдамалы материал», «Үздік репортаж», «Ақмола облысы туралы үздік материал» және «Үздік аудандық баспа басылымы», сондай-ақ «Үздік фотосурет», «Үздік бейнетүсірілім», «Үздік теледидарлық бағдарлама» мен «Әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик», «Үздік жаңалықтар порталы» номинациялары бойынша анықталды. Жеңімпаздар қатарында Қазақстан ұлттық арнасының Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Ермек Елберген де бар.

 

СНХ: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, «ҮЗДІК РЕПОРТАЖ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:  Бүгін төл мерекемізде журналистерді құттықтап жатыр. Алғыс айтамыз, рахмет айтамыз! Бұл да бір еңбектің бағаланғаны. Талай проблемалық мәселелерді, атқарылып жатқан жұмыстарды біз енді республикалық деңгейде көтеріп жүрміз. Сол еңбектің бағаланғаны деп ойлаймыз. Барлықтарыңызды бүгінгі келіп жеткен мерекемен құттықтаймын.  

 

ИНТЕРШУМ: марапаттаудан үзінді

 

РКС: Конкурстың 10 жеңімпазына 300 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ, ұйымдастыру алқасы 10 қатысушыны 200 мың теңге ақшалай сертификатымен ынталандырды. Арнамыздың шеф-редакторы – Гүлнар Талапкерқызы, тілші – Абзал Балтабаев пен оператор – Медет Қайыркенов те үздіктер қатарында. Шеф-редактор Сания Көпжасарова ынталандыру сыйлығының иегері атанды.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар