ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

АРҚАЛЫҚ ТЕАТРЫ КӨКШЕТАУ САХНАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

19:20, 8 қазан 2021

 

ДИКТОР: Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры Көкшетау сахнасында өнер көрсетті. Қостанайлық әртістер Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романының желісімен қойылған «Мәңгүрт» спектаклін сахналады. Қостанайлықтардың өнерін біздің түсіру топ та тамашалап қайтты.

РКС: Қойылымды қарап отырған әр көрерменнің көз алдына теміржолмен кесілген шексіз, шетсіз қазақтың кең даласы елестейді. Пьеса «Боранды» бекетінде жұмыс істейтін ауысымшы Едігейдің өмірі жайлы.  Жұмыс орнына түнде келген әйелі Үкібай оған ең жақын досы Қазанғаптың өлімі туралы естіртпек болады. «Мәңгүрт» қойылымы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын атап өту аясында сахналануда.

СНХ: ОРАЗБЕК НҰРҒАЛИ – АРҚАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АКТЁРІ: Біздің театр 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Ол кезде Ахмет Байтұрсынов атындағы театр болатын. Қалаларыңызға алғаш келуіміз емес. Бұл спектакльде мен Едігейдің рөлін сомдаймын. Досым Қазанғап қайтыс болғанда оны ескі зиратта жерлеу туралы шешім қабылданады. Аңыз бойынша кезінде бұл жерлерді жаулап алған жуаньжуан тайпасы тұтқындардың басына түйенің шикі терісін жапқан. Салдарынан тұтқындар естерінен танып, өзінің кім екенін де, өткен өмірін де ұмытатын болған////

РКС: Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры 20 жылдық тарихында іргелі өнер ордасына айналды. Театр репертуарында қазақ классикалық әдебиеті негізінде қойылған спектакльдермен қатар, заманауи әдебиеттерден алынған туындылар да бар.  

СНХ: НҰРЛЫБЕК ҚАСЖАНОВ – АРҚАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 2021 жылы Көкшетау мәдени астана болып бекітілді. Оны барлығымыз білеміз. Осындай айтулы оқиға аясында біз де Көкшетауға келіп қалдық. Бір күндік гастрольдік сапарға 22 артист келді. Әрине, еліміздің басқа да өңірлеріне ат басын бұру жоспарымызда бар.///  

РКС: Шыңғыс Айтматов қырғыз, кеңес және орыс әдебиетінде жоғары дәрежелі жазушы болған. Оның шығармалары терең философиялық мағынамен және өткір психологизммен ерекшеленеді. Жазушының «Ғасырдан да ұзақ күн» атты алғашқы романы бірден оқырмандардың жүрегіне жол тапты. Өйткені, астарлы әңгіме ескі адами құндылықтардың заманауи әлемдегі орнын және адамзат мәселесін көтерген.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА ЖУНИСБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...