ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

«АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫ - ЕЛІМІЗДІҢ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ

17:45, 29 сәуір 2021

ДК: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанған жергілікті «Арлан» хоккей клубының мүшелерімен кездесті. «Арландықтар» жоғары  лигадағы командалармен бәсекеге түсіп, клуб тарихындағы үздік жетістіктерін көрсетті.

РКС: Хоккейшілермен кездесуде облыс әкімі Ермек Маржықпаев клуб үшін маусым өте нәтижелі өткенін, жақсы ойын көрсеткенін атап өтті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Барлығы осы хоккей сериясынан әсер алды. Біз осындай команданың қалыптасқанын мақтан тұтамыз. Керемет ойын үшін алғыс айтқым келеді. Бұл тұрғыда жанкүйерлер қолдауы күш бергенін атап өткен жөн.

РКС: «Арлан» үшін аяқталған маусым сәтті басталған жоқ. Клубтың бес бірдей мықты ойыншысы жарақат алды. Нәтижесінде ойын тактикасын өзгертуге тура келді. Команданың жаттықтырушылар штабын басқарған Сергей Бердников команданың жаңа жұмыс жүйесін құрды. Облыс әкімімен кездесуде бас бапкер бірқатар жаңа ұсыныс айтты.

СНХ: СЕРГЕЙ БЕРДНИКОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ///аударма///Жұмысымызды, ойын мен дайындықтың жалпы стратегиясы мен тактикасын өзгертуіміз керек. Басқа орындарға жиындарға бармай, дәл осы жерде, Көкшетауда жаттығуды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін жағдай жасалса жақсы болар еді.

РКС: Ойыншылардың айтуынша, финалға шығу команданың алдағы күнге деген сенімдерін шыңдай түскен. Бұған дейінгі ойындарда жіберген қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік бар,-дейді команда мүшелері.  

СНХ: ВЛАДИСЛАВ КОЛЕСНИКОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ КОМАНДА КАПИТАНЫ ///аударма/// Ойын, әрине, алғашында оңай болмады. Одан кейін күш алып, финалға дейін жеттік. Көп тәжірибе жинадық. 

РКС: Қазір жаттықтырушының штабы мен ойыншылар маусым айында оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Ойынның жаңа маусымы қыркүйекте басталады деген болжам бар.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЛАН АБУТӘЛІПОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...