ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АРШАЛЫ АУДАНЫНДА БІР БАЛА СУҒА БАТЫП КЕТТІ

20:20, 15 маусым 2022

ДИКТОР: 14-ші маусымда Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы «Silk Way» демалыс аймағында 12 жасар қыз суға батып кетті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің құтқарушылары жедел жетті. Араға бір сағаттан астам уақыт салып, қыздың өлі денесі табылды. Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

РКС: Silk Way демалыс аймағы суға түсуге жарамсыз. Әкімшіліктің айтуынша, демалушыларға алдын-ала ескертілген. Оқиға болардың алдында сол жерде бірнеше отбасы демалып жатқан. Куәгерлердің айтуынша, бір бөлігі арнайы орында демалса, енді бірі волейбол ойнап жатса керек. Осы кезде ата-анасының қарауынсыз қалған 11 және 12 жастағы екі бала Есіл өзеніне қарай беттеген. Соңы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырды. Су қоймасының  тереңдігі 3-4 метрге дейін жетеді.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі өлім дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органы жағажайда суға шомылуға қатысты ережелердің қаншалықты сақталғанын жан-жақты тексереді деп ойлаймын. Ол жерде құтқарушылар жұмыс істеуі керек. арнайы бекет болуы шарт деген құқықтық актілердің таалаптары бар. Одан бөлек іздестіру тобы да жасақталуы тиіс. 28 мамырда біздің қызметкерлер рейд өткізген еді. Сол тұста жағажай әкімшілігі және сол жерде демалып жатқан тұрғындарға да ескерту жасалған.

РКС: Өткен жылы Аршалы ауданының аумағында шомылу маусымы кезінде 3 ересек адам өмірімен қоштасқан. Облыс бойынша жазғы уақытта 28 адам суға батып кетсе, соның бесеуі бала. Ал биыл шомылу маусымының басталғанына екі аптадай ғана уақыт өтті. Өкінішке орай бір қайғылы жағдай орын алды.

ДИНРА СМАЙЫЛОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ  СОЛОВЬЕВ,  ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...