ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ASAR JOLУ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР 20 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫ ЖҮРІП ӨТЕДІ

12:54, 21 шілде 2022

ДИКТОР: Елде «Asar jolу» қайырымдылық марафоны бастлды. Еріктілер екі жарым ай ішінде еліміздің барлық өңірін аралап, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.  Бүгін олар Көкше жеріне аяқ басты.

ИНТЕРШУМ: МАРАФОНШЫЛАРДЫ ҚАРСЫ АЛУ СӘТІ

РКС: «Asar ume» қоғамдық қоры осыдан үш жыл бұрын құрылған. Осы уақыт аралығында 440 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй тек шынайы мұқтаж жандарға ғана беріледі. Бұл бастама аясында түрлі жоба қолға алынған. Соның бірі-«Asar jolу» қайырымдылық марафоны. Еріктілер 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елді аралайды. Тур барысында аз қамтылған 50-ге жуық отбасы баспаналы болмақ.

СНХ: АСХАТ НҰРМАШЕВ, «ASAR UME» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Осындай қор құрмас бұрын да біз қайырымдылықпен айналысатынбыз. Көптеген мұқтаж жандарға ақшалай көмек көрсеттік. Дәрі-дәрмегін, тамағын да алып беретінбіз. Алайда олардың жағдайы мұнымен жақсармайтынын түсіндік. Көбі сондай көмекке үйреніп қалады. Ал алға жылжу болмайтынын байқадық. Сондықтан біз осындай отбасыларға ең біріншіден баспана беру керек деген шешімге келдік. Біздің қор осылай құрылды.  Өйткені, мұқтаж жандардың көбі пәтер жалдап тұрады. Бір жерден екінші жерге көшеді. Одан балаларда қиналады. Жыл сайын жаңа мектепке көшудің өзі оңай емес.

РКС: Мұқтаж жандарға баспана сыйлаумен қатар басқа да көмек көрсетіледі. Екі қолға бір күрек таба алмай отырғандар жұмыспен қамтылса, білім аламын деген жастарды оқыту жағы да қарастырылады. Оған ел қазынасынан бір тиын да жұмсалмайды. Игі істі кәсіпкерлер мен ауқатты жандар қаржыландырады.  

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Asar ume» қоғамдық қоры бастаған «Асар жолы» атты акциясына Ақмола облысының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. скл Басты мақсат-жағдайы төмен отбасыларға үй сыйлау. Олар елдің түкпір-түкпіріне барып, мұқтаж жандарға баспана береді. скл Қоғамдық қор кімге көрсету керек екенін өздері шешеді. Барлығын саралап, жұртшылықпен ақылдасады. Олардың Көкшетауға келу себебі де осы. Осы акция аясында біздің өңірден 2 отбасы баспаналы болмақ.

РКС:  «Asar ume» қоғамдық қорында 300-ге жуық ерікті бар. Олар топ-топқа бөлініп, Қазақстанның әр өңірінде жұмыс істейді. Шынайы мұқтаж жандарды да солар анықтайды. Белгілі бір отбасыға көмек бермес бұрын, олардың нақты тұрмыс-тіршілігімен танысып, ақпарат жинайды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар