ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

АШЫҚ ЖҮРЕКТЕН...

13:33, 23 ақпан 2021

ДК: Көкшетауда волонтер, жас бапкер Ерболат Қажы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған бокс секциясын ашты. Спорт бағыты бойынша «Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсынан жеңімпаз болған Ерболат Қажы өскелең ұрпаққа қолдау көрсетуді азаматтық борышы санайды.

РКС: 7 жылға жуық уақытта бокстың қыр-сырын меңгерген Ерболат Қажының  секциясында бүгінгі күні 5 спортшы жаттығады. Бапкердің айтуынша, спорт бәйгесіне дайындаған шәкірттері келешекте кәсіпқой бокста ешкімнен кем түспейтін, бәсекеде жеңісті қолдан бермейтін үздік атанатына сенеді.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚАЖЫ, БАПКЕР///аударма/// Бұл секцияны ашудағы басты мақсатым – жас спортшыларды қолдау. Еліме деген патриоттық сезімімді осы істерім арқылы дәлелдегім келеді. Осы орайда, маған қолдау көрсеткен облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа алғысымды білдіремін. Карантиндік шектеулерге байланысты, аз топпен жаттығып жатырмыз. Бокс секциясы «Қажымұқан» спорт кешенінде орналасқан. Жаттығулар аптасына 2 рет өткізіледі. Алдағы уақытта бұл ісімді кеңейтіп, үлкен залға көшуді жоспарлап отырмын.

РКС: Айтуар мен Кәрім бір үйдің балалары. Қазір егіздер 7 сыныпта оқиды.   

СНХ: АЙТУАР, КӘРІМ АЛМАСОВТАР, БАЛҒЫН СПОРТШЫЛАР///аударма/// Болашақта бокстан әлемнің үздік чемпионы Геннадий Головкин сияқты мықты спортшы болғымыз келеді. Ол үшін бүгіннен бастап, біз көп жаттығып, еңбектенуіміз керек.  Жаттықтырушымыздан үйренеріміз көп. Бапкердің айтқанын толық орындап жүрміз.

РКС: Былғары қолғап шебері болуға ұмтылған балғын спортшылар төккен тердің жемісі мен ұстазының сенімін ақтауға тырысамыз,-дейді. Бапкердің айтуынша, келешекте халықтың қамын жеп, ақыл-парасатымен елді алға сүйрейтін патриоттарды тәрбиелеу  басты міндет. 

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...