ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ: 48 QR-КОД БЕРІЛДІ

13:44, 30 сәуір 2021

ДК: Өңірде «Ashyq» мобильді қосымшасының қолдану аясын кеңейту мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.   Бұл бағытта облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары бірігіп,  пилотты жобаның барынша енгізілуіне күш салып жатыр.  Оған өңірдегі Көкшетау және Степногорск қалалары бекітілді. 15 сәуірден бастап қос қаланың бірнеше нысанына 48 арнайы QR-код берілді.

РКС: Өңірде эпидахуал күрделі. Біржан салдан басқа ауданның барлығы «қызыл» аймақта. Соңғы 3 аптада қауіпті індетті жұқтырғандар саны біршама көбейген. Өңірдің санитарлық бас дәрігері карантиндік талаптардың бәрі қаулыға сәйкес қатаң сақталуы қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. Сондай-ақ, «Ашық» мобильді қосымшасымен жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзарып,  талаптардың біршама жеңілдетілетінін айта өтті. Десе де, бұл жағдайға бей-жай қарауды білдірмейді.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///аударма///Бұл нысандарда ауқымды, салтанатты іс-шаралар, мерейтойлар өткізуге тыйым салынады. Қызметкерлер маска тағып, медициналық қолғап киіп жүруі шарт. Тамақтанатын жерлердегі үстелдердің арақашықтығы бір жарым метрден кем болмауы керек.    

РКС: Көкшетау және Степногорск қалалары бойынша «ASHYQ» бағдарламасына 35 нысан енгізілді. Қалған 13 нысан тексерістен өтіп жатыр.

СНХ: ЖАСЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Біз кәсіпкерлер палатасымен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жобаға қатысуға ниетті нысандардың  тізімін құруға қатысты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда мұндай нысандар 50-ге жуықтайды. Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлерін жобаға белсенді қатысуға шақырамын.

СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Бүгінде Ақмола облысы бойынша пилоттық жобаға қатысуға 55-ке жуық өтінім келіп түсті.  Оның 35-і мақұлданды. Олар фитнес-орталықтар, сауна, компьтерлік клубтар, қоғамдық тамақтану орталықтары, филормония, концерттік залдар.Сондай-ақ, анық-қанығын біліп, сұрақтарыңызға жауап алу үшін біздің 1432 нөмірлі call-орталыққа хабарлассаңыздар болады.. 

РКС: Кәсіпкерлік нысан арнайы QR-код алуға үшін өтінім толтыруы қажет. Ол он пункттен тұрады.

СНХ: ЖАЙСАН БЕКХОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ///аударма///Оған нысанның аты, мекенжайы,  жетекшісінің аты-жөні, қызметкерлер саны, нысанның ауданы деген секілді ақпараттар кіреді. Өтінімді толтыру үшін кәсіпкердің электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Егер өтінім талаптарға сәйкес болса, мақұлданады. Яғни, арнайы QR-код алуға мүмкіндік алады.

РКС: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысына сәйкес мейрамхана мен дәмханалар таңғы сағат тоғыздан түнгі онға дейін ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір мезеттегі адам саны 30-дан аспауы қажет. Ал «Ашық» жобасына бекітілген нысандар таңғы сағат жетіден түнгі он екіге дейін,  50 адамдық тығыздылықта жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, фитнес-орталықтар, спортзалдар, СПА және бассейндер демалыс күндері де адам қабылдай алады. 5 мамырдан бастап караокелар QR-кодын алған жағдайда жұмыс істейді. Айта кетеу керек, жағдай жақсарып, өңір «сары» аймаққа өткенде пилоттық жобамен жұмыс істейтін нысандарға «жасыл» аймақтың талаптары қолданылады.   

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...