ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

АТБАСАР – АЛЫПТАР МЕКЕНІ...

13:49, 30 сәуір 2021

ДК: Кешегі кеңес кезінде тың қақпасы Атбасар жерінен ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый түлеп ұшты. Ат тұяғын тай басар демекші, зіл темір көтеруден заңғар биікке шыққан ағаларының жолын кейінгі толқын ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. Оларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің білікті бапкерлері қанаттандыруда.

РКС: Жарты ғасырдан астам тарихы бар балалар спорт мектебінің ғимараты ескі болғанымен, мұнда бұқаралық спортты дамыту жолында аянбай тер төгіп жүрген жаттықтырушылардың жемісті еңбегінің арқасында жас түлектер сан алуан жарыстарда жарқырап көрініп жүр. Алысқа  бармай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланатын алғашқы айларында Атбасар өңірінен Шабанбаев, Сейтенов, Литвинов, Токарев сияқты жасөспірім боксшылар ел чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер атанды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Анастасия Рудых Қазақстан Республикасының чемпионы болды. Өзге де ауыз толтырып айтарлық спорттық жетістіктер бар.

СНХ: АБАЙ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ   ///Қаз. 25 жыл өтіпті осы мектепте істеп жүргеніме. Мектебімізден талай мықты азаматтар шықты. Солардың бірі ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый және балуан Марат Асайынов. Олар бүгінгі жастар үшін өнеге. Қазіргі таңда біздің спорт мектебімізде 800-дей жасөспірім спортпен шұғылданады. 4 бөлім бар. Атап айтқанда, ауыр атлетика, бокс, грек-рим күресі, футбол. Бастау, Амантай, Новосельский ауылдарында бөлімшелеріміз жұмыс істейді. Алдағы уақытта Ақан Құрманов ауылында ауыр атлетика бөлімшесін ашпақшымыз. ///

СНХ: АҚБОТА ЖАҚСЫБАЙ, АУЫР АТЛЕТ   ///қазақша: Мені ауыр атлетика залына досым ертіп әкелді. Екі жыл бойы үзбей айналысып келемін. Биыл Ақмола облысының чемпионы болдым. Бапкерім Райлян Сергей Александрович. Басты арманым Азия чемпионы болу. Ол үшін тыңбай айналысу керек. Ауыр атлетика қыз бала үшін қиындау. Дегенмен ұстазымның демеуімен спорттық жетістіктерге жетіп жүрмін. ///

РКС: Санитарлық талаптарды бұлжытпай орындап, осы жылы өтетін жарыстарға атбасарлық жасөспірім спортшылар  жан-жақты дайындық жасауда. Соның бірі мамырдың соңында бокстан өтетін халықаралық турнир. Оған Қазақстанның  әр аймағынан мықты боксшылар келеді деп жоспарланып отыр.  

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...