ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АУДАН ЕГІС НАУҚАНЫНА ӘЗІР

14:22, 4 мамыр 2021

ДК: Биыл облыс аумағында 4,9 млн. гектар аумаққа дән себіледі. Оның 3,8 млн гектарына  бидай сіңірілсе, майлы дақылдар 220 мың гектар, көкөністер 19 мың гектарды қамтиды. Облыс шаруалары көктемгі егіс науқанына сақадай сай. Өңірде көктемгі ылғал жабу, минералды тыңайтқыштар енгізу ісі аяқталған. Ауа райының қолайлылығына қарай дән себу мамырдың екінші онкүндігінде басталады деген жоспар бар.

РКС: Біржан сал ауданының ауыл шаруашылығы алқабы 500 мың гектар, оның 241 мың гектары егістік. Биыл 195 мың 300 гектар аумаққа дән сіңіріледі. Оның ішінде 169 мың гектарына астық тұқымдастары себіледі. 3 мың 600 гектарға бұршақ, 19 мың гектардан астам аумаққа майлы дақылдар егіледі.

СНХ: БАУЫРЖАН ӘУБӘКІРОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Егіс науқанына 16 мың тонна астық әзірленді. Қажетті техника толықтай әзір. Танап басына 379 трактор,700-ге тарта астық себу кешені жұмылдырылады. Егіс науқанында екі жанар май жеткізу операторы анықталды. Көктемгі дала жұмыстарына 2730 тонна жанармай бөлінді. Ол барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеткізілді.

РКС: Біржан сал ауданында 50 ірі серіктестік пен 240 шаруа қожалығы қызмет атқарады. Өңірдегі ірі шаруашылығы нысандарының бірі «Қазгер-құс» серіктестігі 20 мың гекетар алқапқа дән сеуіп, облыстағы ең ірі құс фабрикасының бірін жеммен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын агроғылым жетістіктерін ұтымды пайдалануда.

СНХ: БОРИС ОЗДОЕВ, «ҚАЗГЕР-ҚҰС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ///аударма///07/40 Қазір ылғал жабу жұмысы мен миниралды тыңайтқыштар енгізу ісі аяқталуға жақын. Биылғы егіс науқанында жаңа әдіс қолданамыз. Былтыр микро, макро элементтерге топырақ анализін жасадық. Осы зерттеу негізінде мамандар бізге жерді құнарландыру бағдарламасын жасап берді. Оған сүйеніп егіннің өнімділігін арттырамыз деген үміттемін.

РКС: Жалпы ауыл шаруашылығы аумағы 500 мың гектар болса, оның 102 мың гектарының тиімді игерілмегені анықталған. Оның ішінде егістік алқаптары да бар. Өңір басшылығы бұл аумақты экономикалық айналымға енгізуге бағытталған қадамдарды қолға алған.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМ АҒАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...