ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

АУДАН ӘКІМІ 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

20:03, 26 қазан 2021

ДК: Жыл басынан бері Жарқайың ауданының өнеркәсіп кәсіпорындары 2 жарым миллиард теңгенің өнімін шығарды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен кездесуде аудан әкімі Жанболат Хамитов мәлімдеді. Сондай-ақ, ауданда дәрігер тапшылығы байқалады. Мәселе қалай шешіліп жатыр? Салтанат Сәрсенбайқызының сюжетіне зер салыңыз.

РКС:  Денсаулық сақтау салысына қатысты Әріптестің сауалына әкім  11 дәрігер мен 9 орта медицина қызметкері жетіспейді, деп жауап берді. Жалпы ауданға келгене жас мамандарға барлық жағдай жасалатын көрінеді. Жалпы облыс бойынша мамандар тапшылығы бар. 200-ге жуық  медицина қызметкері керек. Ауданда өнеркәсіп кәсіпорындары  2,5 млрд. теңгеден астам өнім өндірді. Орта және шағын бизнес саласында шамамен 1000-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Онда  3300-ден астам адам жұмыспен қамтылған.  Биыл 135 жаңа жұмыс орны ашылған.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаны ұстап тұру үшін 20 меморандум жасалды. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 1 га егіс алаңына 60 теңге есебінен «Жарқайың Агро»  қаражат аудару жұмыстары жүргізілуде. Барлық қажетті іс-шаралар аяқталғаннан  кейін  нан өндірушілерді субсидиялау жүргізілетін болады. Нәтижесінде нан бағасы бір бөлке үшін 95-105 теңгені құрайтын болады. Ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында жәрмеңкелер үнемі өткізіліп тұрады. Онда өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады.

РКС: Ауданның тұрғын үй құрылысына 400 млн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы жылы Державинск қаласында жүзу бассейнінің құрылысы басталады. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 450 млн.теңге бөлінбек.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру аясында 2022 жылы «Молодежный» шағын ауданында 6000 шаршы метр тұрғын үйді немесе 80 пәтерлі екі үйді пайдалануға беру жоспарлануда.  «Молодежный» шағын ауданындағы алғашқы 80 пәтерлік үйді қайта жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер компаниямен келісім-шарт жасалды.

РКС: Ауданның бюджеті 100 пайыз игерілді. Арнайы жұмыс тобы да құрылған. 49 кездесу өткізіліп, мемлекет қазынасы 1, 4 миллард теңгемен толықты.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...