ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУДАНДА 8 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

17:56, 24 қараша 2020

ДИКТОР: Целиноград ауданы Елордаға жақын орналасқандықтан, халық саны тығыз шоғырланған өңір. Сондықтан бұл аймақта ең алдымен әлеуметтік мәселелер өзекті. Ауданның 7 елдімекенін сумен жабдықтау ісі аяқталуға жақын. Тағы бірнеше ауылға тіршілік нәрін жеткізуге қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Электр және газбен қамтуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Ауданның өзге де жетістіктері жайында әріптесім Гүлмайдан Нұржанқызы баяндайды.

РКС: Шұбары, Қоянды және Аққайың ауылдарына  көгілдір газ келетін күн алыс емес. «Сарыарқа» магистральді газ құбыры құрылысын салуға қатысты жобаны жүзеге асыру аясында келісім-шарттар жасалды. Бұдан бөлек, тағы 8 елдімекенге газ құбыры мен тарату желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Целиноград ауданында қалыптасып отырған тағы бір өзекті мәселе-мектеп. Бала саны жыл сайын көбейіп отыр. Сондықтан, бұл өңірде үш ауысымда оқытатын білім ошақтары бар. Мектептердің жетіспеушілігі қатты сезіледі.          

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///С 1 ноября в эксплуатацию введена школа на 300 мест...1 қарашадан бастап Қажымұқан ауылында 300 орынға арналған мектеп пайдалануға берілді. тағы 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі осы жылы аяқталады. Қояндыда 1200 орындық, Арайлы ауылында 300 балаға арналған және Қараменді батыр ауылында 120 оқушыға шақталған мектептер. бұдан бөлек тағы 9 елдімекенде білім ошағын салуға құжаттамаларын дайындап жатырмыз.   

РКС: Ауданда 20-ға жуық медицина маманы жетіспейді,-деді аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков. Қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды. Өңірде жыл соңына дейін 225 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Осылайша, әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешімін тауып жатыр. Аудан елордаға жақын орналасқандықтан, Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған ең ірі өңірдің қатарында. Биыл Целиноград ауданының аграрийлері 320 мың тоннадан астам алтын дәнді қамбаға құйып алды. Ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.    

СНХ: БАХЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ///аударма///Обьем государственных...Мемлекет тарапынан бөлінген субсидия көлемі 3,4 миллиард теңге. Мемлекеттің қолдауының арқасында «Қазагро» акционерлік қоғам арқылы 1,6 миллиард теңгенің несиесі бөлінген. Оған ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алынды. Биыл 4,4 миллиард теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мал бордақылау алаңы, сүт-тауарлы фермасы, астық және картоп сақтау қоймалары салынуда.

 РКС: Целиноград ауданының экономикасына 74 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 процентке жоғары. Эпидахуалға қарамастан, ауданның шағын және орта бизнесі тауар айналымын сақтап қалған. 10 айда бөлшек тауар айналымының көлемі 2,5 млрд, ал көтерме сауда тауар айналымы 15 млрд. теңгеге жеткен. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 66 кәсіпкерге 275 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.   

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...