ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 6 МЛРД ТЕҢГЕДЕН 12 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ӨСТІ

19:24, 18 қараша 2021

ДК: Сандықтау ауданында 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оған республикалық қазынадан 297,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінің аланында өткен брифингте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков баяндады.Сонымен қатар ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық ,өнеркәсіптік өнім өндірісінің деңгейін көтергенін атап өтті.

РКС:  Сандықтау ауданында жалпы инвестиция көлемі 6 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге дейін өскен.Жыл басынан бері 5 жоба жүзеге асырылған.Шағын және орта бизнестің 1053 субьектісі тіркелген.Онда  162 жаңа жұмыс орны құрылған.Ауданның негізгі даму саласы –ауыл шаруашылығы. Биыл 309,8 мың гектар егін жиналған.

ИНФОГРАФИКА:

Ауданда ірі қара мал басының өсі динамикасы байқалады.Ірі қара мал-107,6% ,Ұсақ мал-110,5,жылқы-106,5,құс 102,шошқа-100,2 пайызға өскен.

ГРАФИКА:

Сандықтау ауданында ірі қара мал басының өсі динамикасы

Ірі қара мал-107,6%

Ұсақ мал-110%

жылқы-106,5%

құс -102%

шошқа-100,2%

СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ,САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда Сандықтау ауданы бойынша «Ashyq» жобасына 108 нысан қатысуда.Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекет айтарлықтай қолдау көрсетті. «Бизнес жол картасы бойынша» жыл басынан бері 5 жоба жүзеге асты. Сомасы104,6 млн теңге. Ауданның еңбекке қабілетті әлеуеті 9435 адамды құрады.

Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2021 жылдың 10 айында 168 мың теңгені құрады

РКС: «Петровка-Каменка» бағыты бойынша ұзындығы 38 шақырым болатын облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. Жоба құны -684 млн.теңге. 17 шақырымдық «Сандықтау-Новоникольское» автомобиль жолын орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленді.

СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ,САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2021 жылы облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 69,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Мәдениет ауылындағы көше-жол желісін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 74404,761 мың теңге қаражат бөлінді.

РКС: Ауданның білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 77 млн жұмсалған. 3 мектептің шатыры қайта жөнделді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...