ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АУДАНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕГЕН

19:31, 9 маусым 2022

ДК: Осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Астрахан ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Яғни өнеркәсіп пен тауар айналымының  көлемі көңіл көншітпейді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев  тиісті сала мамандарының жұмысын қатаң сыңға алды. Сондай-ақ, өңір басшысы жергілікті бұқарамен кездесіп, ашық диалог құрды.

РКС: Жыл басынан бері аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 97 процентті құрады. Бұл жақсы көрсеткіш емес. Яғни өнім көлімі жыл санап түсіп келеді,-дейді өңір басшысы. Бұған аудандағы 1-2 ірі серіктестіктің тұралап қалғаны себеп болған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//аударма/// Бүгінде бізде өнеркәсіп өндірісінің базасы жақсы қалыптасқан.  Пандемия кезінде бүкіл мемлекетте өнеркәсіп құлдырағаны жасырын емес. 80 пайызға дейін өндіріс көлемі түсіп кетті. Қазір біз соны көтеріп жатырмыз. Ал, сіздерде одан сайын түсіп жатыр

РКС: Тағы бір мәселе аудандағы инфрақұрылым. Десе де бұл бағыттағы жұмыстар мерзімді түрде жүргізілуде. Айталық, биыл аудан жолдарын жаңартуға қазынадан 1,2 млрд.теңге қарастырылған.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛIГI ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы жылы аудан жолдарына 1 млрд 200 млн.теңге бөлінген. 200 млн.теңге Жалтыр, ескі Колутон және Колутон станциясына бөлініп отыр. Ал, 1 млрд.теңге Жалтыр Макинск бағытындағы жолдарды жөндеуге бағытталды. 

РКС:Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдадың әлеуетін көтеру керектігін айтты. Мәселен жаңа Колутон ауылының тұрғындары осыған дейін облыс әкіміне  ауылдағы жағдайды видеоға түсіріп жіберген. Онда ашынған халық қираған балалар алаңқайы мен тұралап қалған құрылысты көрсеткен.

Ест.шум: Ақша бөлгенде ауданға сол ауылдарға неге бермейсіңдер? Қағаздарын жасап, сметалық құжаттарын жасап.

  • Сметалық құжаттар бар.
  • Бар болса неге дұрыстап жасамайсыңдар? Барлығын жасау керек.

РКС: Ал, ескі Колутон ауылындағы білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жиынға келген жергілікті ұстаздар осы мәселені көтерді.

Ест.шум: Ескі Колутон ауылындағы мектепке келесі жылы 60 жыл болады. Осы уақыт аралығында мектеп бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеді. Алдағы оқу-жылында мектепке жөндеу жүргізіле ме?

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жоба 440 млн.теңге. Бұл өте қымбат. Ең алдымен мектептің шатырын ауысытыру керек. Содан кейін жылу жүйелерін жаңартып, тезелерін пластиктан орнату қажет. Жоба 150-160 млн.теңгенің шамасында болса жетеді ғой. Бәрін кезең-кезеңімен жасау қажет.

СНХ: БАХТИЯР ҚУАНДЫҚОВ, ЖАЛТЫР АУЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің Жалтыр ауылында көп дүниелер істеліп жатыр. Су, жол деген сияқты. Енді заманауи спорт кешені керек.

Ест.шум: Фок салатын жер бар ғой. Ойластырып көрейік. Мүмкін бассейнсіз шағын бір спорт кешенін салып береміз. Сұрағыңызға рахмет. Қабылдадық.

РКС: Сонымен қатар, өңір басшысы аудан орталығында тәтті сусын шығаратын және сүт өнімін өндіретін серіктестіктердің жұмысымен танысты. Айталық, бүгінде аудан бойынша 20 мың тонна сүт өндіріледі.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН ҚОЖАХМЕТ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ: 2017 жылдан бастап істейміз. Қондырғыларды Ресейден алдық. 1 тоннадан бастағанбыз. Қазір күніне 3 тоннаға дейін сүт өндіреміз

РКС: Осылайша, жыл басталғалы Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 50 млрд. теңгеден асқан.  Ауданда 4 мың тоннадан астам ет, 20 мың тонна сүт, 7 млн.дана жұмыртқа өндірілген.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

 

.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...