
ДИКТОР: Біржан Сал ауданында Тәуелсіздік жылдары құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Осы кезеңде 10 000 шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
СНХ: ЖОЛДАСХАН КАТАЕВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Жыл сайын 2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайданалуға беріледі. // СКЛ 00: 31-01: 11 2017 жылы 21 пәтерлі тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді. Ол баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға үлестірілді. 2020 жылы Степняк қаласында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші 21 пәтерлі тұрғын үй салынды. Осы пәтерлердің кілттерінің иегерлері халықтың осы санатында кезекте тұрғандар болды. Жоба құны шамамен 165 миллион теңгені құрады
РЗК: Ағымдағы жылы 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Жобаның құны-206 миллион теңге. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге және басқа да санаттарға қарастырылған.
СНХ: ЖОЛДАСХАН КАТАЕВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылы тағы 21 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда құрылыс саясатын дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Екі 45 пәтерлі, бір 30 пәтерлі, алты 36 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған.
РЗК: Аудандық құрылыс бөлімінің алдағы бес жылдық жоспарында - су құбыры және жылу желілерін жаңарту қарастырылған
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ИВАН ОДНОРОГ, «КОКШЕ-АКПАРАТ»