ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АУДАНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

19:08, 3 маусым 2022

ДК: Степняк- Щучинск бағытындағы тозығы жеткен күре жол жаңартылмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Жоба құны 1 млрд.теңге. Біржан сал ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Ермек Маржықпаев құрылыс жұмысымен танысып, сапасын тексерді. Сондай-ақ, аудан орталығында халықпен кездесіп, азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады.

РКС: Соңғы жылдары аудандағы жол құрылысына ерекше көңіл бөлінген. Сәйкесінше бөлінген қаржы да бірнеше есеге өскен. Бұл туралы жиында облыс әкімі Ермек Маржықпаев атап өтті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Аудандағы жол құрылысы қарқынды. Мәселен біз жылына осы бағытта 100 млн.теңге қарастырсақ, өткен жылы тек Степняктің жолын жөндеуге 400 млн.теңге бөлдік. Сондай-ақ, ауылдардағы жолдарды жөндеуге де баса назар аударудамыз.

РКС: Аудан орталығындағы жолдар тегістелгенмен, ауылдардағы жағдай бәз-баяғы қалыпта. Әсіресе шалғай орналасқан елді-мекендердің жолы сың көтермейді. Әкім қабылдауына келген тұрғындар өз базынасын жеткізді.

СНХ: САЙЛАУБАЙ РАҚЫМЖАНОВ, ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жол мәселесі. Баяғы Кеңестің кезінде салынған 7 шақырым жол ғой.  Сіздің қолдауыңызбен қазіргі таңда сол жолға қиыршық тас төселді. Енді осы жолымызды асфальттап берсеңіз деген тілегіміз бар.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛIГI ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ақша бөлінді. Мердігер анықталды. Аудандық маңызы бар жол болғасын облыстық және республикалық бюджеттен 50-50 пайызда қаражат бөліп отырмыз.

РКС: Сондай-ақ, аудандағы тағы бір мәселе – жайылым тапшылығы. Бүгінде аудан бойынша 100 мың гектар жер жетіспейді. Мұнын  зардабын малмен жан бағып отырған ауыл тұрғындары тартуда.

СНХ: АҚЫЛБЕК СӘБИТОВ, МАМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Мал бағатын жер жоқ. Бәрін жыртып тастады. Біздің жерімізді біреулер алып, біз олардан арендаға алуға мәжбүрміз. Ертең біздің малымыз қайда қалады?

СНХ:  ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мамай ауылындағы мәселені біз жақсы білеміз. Тек біздің әкімшілік емес прокоротураны қосып арнайы топ құрылды. Аудандарды аралап жүрміз. Ермек Боранбайұлы референдум аяқталғасын осы ауданға келіп, жергілікті тұрғындармен кездесеміз.

РКС: Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев  аудан орталығындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Осы жылы Степнякты гүлдендіруге қазынадан 170 млн.теңге бағытталыпты. Сондай-ақ, өңір басшысы былтыр пайдалануға берілген тұрғын үйлердің маңын көгалдандыруға қатысты бірқатар сын айтты. Себебі егілген ағаш қурап қалған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жанды жұмыс қой. Біз осы жерге 100 млн.теңге бөлдік. Халыққа жайлы жағдай қарастырдық. Міне балалар ойнап жүр. Жақсы емес пе? Бұл жұмыстар жалғасады. Десе де бәріне күтімен қарау керек қой.


РКС:  Бұдан бөлек, аудан орталығында 21 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда. Қазіргі таңда құрылыстың алғашқы кезеңі басталған.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМА СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...