ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АУДАНДАРДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

20:16, 24 қараша 2021

ДИКТОР:  Жақсы ауданы мен Степногорск қаласында  эпиджағдай енді-енді тұрақталып келеді. Екпе мен санитарлық бақылаудың арқасында індет жұқтыру дерегі күн сайын төмендеп отыр. Ал Есіл ауданында дерттің беті әлі де қайтпай тұр. Бұл туралы брифингте аталмыш ауданның жауапты мамандары мәлімдеді.

РКС:Жақсы ауданында эпидахуал тұрақты. Қазір жасыл аймақта. Жыл басынан бері мұнда 918 тұрғын коронавиурс індетіне шалдыққан. Ал өлім құшқандар саны – 14. Қазір халықтың 58,9 проценті екпенің екі компонентімен де егіліпті.

СНХ:         ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Бүгінгі таңда 889 адам емделіп шықты. Эпиджағдайдың тұрақталуына байланысты аудандық аурухана жанындағы инфекциялық бөлім жабылды. Қазір тек резервте тұр. Вакцинация бойынша жұмыс жалғасуда.

РКС: Ал Степногорск қаласында оқу жылының басынан 106 оқушы мен мұғалім вирус жұқтырған. Қазір үй карантинінде 395 адам медициналық бақылауда жатыр.Ал жалпы жыл басынан қаланың 3137 тұрғынында коронавирус лабораториялық зерттеумен расталыпты.  Олардың 369-ы 14 жасқа дейінгі бала.

СНХ: ГҮЛНӘЗ ӘБІЛОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде 12 мен 18 жас аралығындағы 5011 бала бар. Қазіргі уақытта 138 ата-ана балаларына екпе салуға рұқсат берді. Солардың арасында  12-15 жас аралығындағы 88 бала,  16 мен 17 аралығында 50 баланың ата-анасы рұқсат берді. Файзерді бүгін Есіл ауданы алады. Сосын бір-екі күнде біздің қалаға әкеледі.

РКС: Ал Есіл ауданында эпидахуал тұрақсыз.  23 қарашадағы статистикаға сүйенсек,  1683 тұрғын індет жұқтырған. Ал инфекциядан қайтыс болғандар саны – 24.  Екі жағдай қараша айында тіркелген.

СНХ: НҰРЛАН САМАТОВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақпаннан бері аудан бойынша 9 екпе пункті жұмыс істейді. Қазіргі таңда 10 мың 76 адам екпе алып үлгерген. Вакцина салғызған 295 адам коронавирус жұқтырған. Инфекция әсіресе қазан айында ушықты. Қарашада 54 дерек анықталды.

РКС: Үш аудан да екпе салу науқанын одан әрі жалғастыруға дайын. Енді «Файзер» екпесін салу үшін түсіндіру жұмыстарын күшейту күн тәртібінде, - деді ауданның атқа мінерлері.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...