ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЕСЕЛЕЙДІ

20:30, 22 шілде 2021

 

ДК: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшыларына аудандардың жағдайын жақсарту мәселесіне назар аудару керектігін тапсырды. Ол үшін аудан-ауылдарды дамыту мақсатында тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін көтеру маңызды. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Сандықтау мен Атбасар ауданындағы құрылыс пен жол мәселелерін көріп қайтты.

РКС: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сандықтауда екі 36 және 45 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Өңір басшысы аудан орталығы Балкашино кентіндегі құрылыс орнына арнайы барды.  36 пәтерлік 2 тұрғын үйдің сметалық құны – 637 миллион теңгені құрайды. Ал 45 пәтерлік үйдің жалпы сомасы -352 миллионға жуық болып отыр. Сонымен қатар аудандаағы Петровка- Мариновка тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Былтырдың өзінде 22 шақырым жолды жөндеу үшін 765 миллион, биыл 16 шақырым жолға 684 миллион теңге бөлінді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жолды жақсы салыпсыздар. Бұл халыққа өте қажетті еді. Жүк тасымалына да ыңғайлы болды. Берілген тапсырманы осылай нәтижелі атқару керек.

РКС: Әкім одан әрі Атбасардағы медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының жайын білуге барды. Республикалық бюджеттен 185 миллион теңге бөлінген. 25 пәтерлі үйге су кіргізіліп, канализация орнатылып жатыр.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Құрылысқа байланысты қаржылай қолдау көрсетілді. Ешқандай мәселе жоқ секілді. Ақша жеткілікте ме? Сол себепті сіздерге де бәрі ыңғайлы. Бәрін сапалы түрде атқарып, уақытты да үнемдеу керек.

РКС: Жол мәселесі – Атбасарда да өзекті. Мұнда халық саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Себебі, «Дипломмен ауылға» секілді бағдарламалардың арқасында жастар үлкен мегаполистерге осыдан бірер жыл бұрынғыдай ағылмайтын көрінеді.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Өткен жылы орталықтағы 24 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде 16 км тротуарлар. Былтыр бөлінген қаржы толығымен игерілді. Былтыр Ілияс Есенберлин, Қабанбай батыр, Қуанышев көшелерін  жөндедік. Биыл облыстық бюджеттен 250 миллион бөлінді.

РКС: Онымен қоса, ауданда 100 пәтерлік 2 тұрғын үй бой көтермек. Аймақ басшысы аудан әкіміне құрылыстың сапалы әрі уақытында берілуін жіті қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, Атбасар ауданында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Аудан әкімінің мәліметінше, бұл жобалардың жалпы құны 1,345 миллион теңгені құрайды. Құс фабрикасы, сүт-тауар фермасы, бордақылау алаңы, дүкендер, дәмханалар, супермаркеттер, автожуу және кондитерлік цехтарды іске қосу арқылы 140 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...