ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУДАНДЫҚ ҚАЗАНДЫҚҚА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18:08, 23 маусым 2022

ДК: Көкшетауда жылумен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Өткен жылғы жылу беру   маусымында біршама қиындыққа тап болды. Жергілікті тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар толассыз келіп түсті. 2-ші аудандық қазандықтың тозығы әбден жеткен. Сондықтан күрделі жөндеуді талап ететін. Сөйтіп, қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы жылу беру маусымына дайындық қандай? Әріптесім баяндайды.

РКС: 2-ші аудандық қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, толық жаңарту биыл ғана қолға алынып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл дер кезінде жасалып отырған шара. Көптеген жабдықтың тозығы жеткен, кейбірін толығымен ауыстыру қажет, енді бірі жөндеуді талап етеді. Күрделі жөндеудің арқасында қазандық алдағы жылыту маусымына дайын болады.

СНХ: ДАНИЯР АҚЫБАЕВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Жылу беру маусымы аяқтала салысымен, жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес бастап кеттік.  Қазіргі уақытта алдағы жылу беру  маусымына дайындық жүріп жатыр. Бүгінгі таңда барлық мердігерлік ұйымдар жұмысқа кірісті, жұмыстар жоспарға сайы толығымен жүргізілуде. Бұзу жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта құрылғылар орнатылып жатыр.

РКС: Аудандық қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, тозығы жеткен жылу жүйелерін ауыстыру да қыза түскен. Көптеген жылу құбыры 20-дан астам жылыту маусымында қызмет еткен. Олар 2000 жылдардың басында орнатылды. Алдағы жылу беру маусымында түрлі апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар желілерді жаңаларына ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

СНХ: ТҰРАР МӘТЕНОВ, ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР: Бүгінгі күні Темірбеков көшесінің бойындағы, Әуелбеков көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі жылу жүйелерінің жерүсті магистралды учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, диаметрі 500-ден 700 миллиметрге дейін үлкейтілді. Әшімов көшесінде де бұл жұмыстар қыза түскен. Әуезов көшесінде де мердігерлер жұмыс істеп жатыр.

 

РКС: Кәсіпорында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Бүгінгі күні 100-ге тарта маман жетіспейді. Бас инженердің айтуынша, қазандық жұмысының сапасына бұл мәселенің де келтіретін кедергісі зор. Жас мамандарды қанша тартқанымызбен, олар тұрақтамайды. Көпшілігі тәжірибе жинақтау үшін аз мерзімге келсе, енді бірі жалақының аздығынан кетіп қалады,-дейді кәсіпорын басшылығы. Солтүстік өңірде жаз тез өтіп кететінін ескерсек, бұл мәселені тез арада шешу қажет. Өйткені, жылу беру маусымына дайындық кезек күттірмейді.

АЙНҰР ДҮЙСЕН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...