ШҰҒЫЛ! КӨКШЕ ТӨРІНДЕ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:33, 18 наурыз 2020

 

 

ДК: Целиноград ауданының әкімі болып Бақытбек Оспанбеков тағайындалды. Бұған дейін бұл міндетті атқарған Мәлғаждар Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жаңа тағайындалған әкімнің қызметіне табыс тілеп, бірқатар мәселелерді жуық арада қолға алуды тапсырды.

 

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ //КАЗ-РУС//06940029 Президент әкімшілігінің келісімімен Целиноград ауданының әкімі болып Бақытбек Амантайұлы Оспанбеков тағайындалады. Бақытбек Амантайұлы 1968 жылы дүниеге келген. Ақмола облысының тумасы. Целиноград инженерлік-құрылыс институтында білім алған.

РКС: Бақытбек Оспанбеков 2018 жылдың сәуір айынан бері облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы және құрылыс салаларындағы тәжірибесі мол. Осы ауданда  әкімнің орынбасары қызметін атқарған.

СНХ: БАҚЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ //РУС//06940031 Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы тапныспын. Ауданда күрделі мәселелер аз емес. Бүл үлкен жауапкершілік. Ауданның дамуына бар күш-жігерімді саламын.

РКС: Ермек Маржықпаев бұған дейін 6 жыл Целиноград ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарған Мәлғаждар Тәткеевке алғыс білдірді. Осы жылдар ішінде Мәлғаждар Саттарұлы өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосып, елді мекендердің инфрақұрлымын жаңғыртуға көп күш жұмсады. Тағайындаудан кейін, облыс әкімі Ермек Боранбайұлы аудандағы көктемгі су басу қаупіне қарсы әрекет етудің барысын бағамдады. Талапкер және Нұресіл ауылдарының арасын жалғаған көпірдің бүгінгі жай-күйімен танысты.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ //РУС// Су басу қаупіне қарсы шараларды жалғастырыңыздар. Тиісті қаражат бөлінеді. Басты мақсат ауылдардың су басуына жол бермеу. Әсіресе, Талапкер ауылына көп көңіл бөлу керек. Қосшыны да назардан тыс қалдырмаймыз. Қосымша техника жұмылдырыңыздар.

РКС: 12 наурызда Талапкер ауылының тұсынан өтетін Есіл өзенінің 1 шақырым арнасын түзету және тереңдету шаралары жүргізілген еді. Жағалауды бекіту жұмыстары да атқарылған. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев су басу қаупіне қарсы шараларды тәулік бойы бақылауды тапсырды.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:42, 24 қыркүйек 2021
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
18:05, 24 қыркүйек 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
18:03, 24 қыркүйек 2021
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
16:20, 21 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖА...
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...