ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:37, 9 сәуір 2021

ДК: Зеренді ауданына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауданның экс басшысы Бауыржан Ғайсаға атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты қамтамасыз ету жолында жаңа әкімге бірқатар міндет жүктеді.  

РКС: Әсен Дулатұлы Жақсылықов 1980 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Чистополье ауданында дүниеге келген. Кәсіпкерлік саласында үлкен тәжірибесі бар маман. Облыс орталығында алдыңғықатарлы кәсіпорындардың бірі «Гормолзавод» серіктестігін 15 жылдан астам басқарды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан активіне жаңа басшыны таныстыра отырып, оның ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалады. Әсен Жақсылықов еңбек жолын 1999 жылы бастаған «Молоко» серіктестігінде директордың орынбасары болып бастаған. Бес жыл бойы Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» серіктестігінде бас инженер болып еңбек етті. Өткен жылдың шілдесінен биылғы қаңтарға дейін Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы міндетін атқарды. 2017 жылдың наурызынан кәсіпкерлер Палатасы жанындағы өңірлік кеңестің төрағасы. Көкшетау қалалық мәслихатының 5 шақырылымында және Ақмола облыстық мәслихатының алтыншы, жетінші шақырылымдарында депутат болып сайланды.  .

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Маған осындай зор сенім артқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан барлық тәжірибем мен білімімді өңірдің дамуына сарқа жұмасаймын деп сендіре аламын. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін сіздермен бірлесе жұмыс істейміз.  

РКС: Облыс басшысы жаңа әкім Әсен Жақсылықов пен аудан активінің алдына бірқатар міндет жүктеді. Биыл өңірдің атқаруы тиіс басым бағыттарды айқындап берді. Әсіресе ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік салаларына басымдық берілуі тиіс екені айтылды. Ауданға инвестиция тарту мәселесі де өзекті.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Көктемгі егіс науқанына дайындалу керек. адо готовиться к посевным работам. Ауданныңэкономика саласында агроөнеркәсіп кешенінің маңызды роль атқаратынын жақсы білесіздер. Былтыр гектарынан 14 центнерден 300 мың тонна астық қамбаға құйылды. Бұл аудан үшін жақсы көрсеткіш. Дегенмен, оған тоқмейілсуге болмайды, әрі қарай бұданда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектену қажет. Биыл біз егістік көлемін 1200 гектарға ұлғайтып отырмыз.  

РКС: Биыл ауданның алдында Шағалалы ауылындағы орта мектепке жөндеу жұмысын жүргізу және тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспары тұр. Бұл жұмыстарды аяқтау үшін 51 миллион теңге бөлінген. Агроөнеркәсіп кешенінде 6 бордақылау алаңы мен 1 сүт-тауарлы фермасын іске қосу жоспарланған.  

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...