ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

19:47, 25 қараша 2021

ДИКТОР: Соңғы жылдары аудандар мен ауыл-аймақтардағы жолдардың сапасына көп көңіл бөлінуде. Жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттерден жыл сайын миллиондаған қаржы құйылады. Нәтижесінде, жолдардың сапасы дұрысталып, халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Бұл да болса, Ел Тәуелсіздігінің отыз жылында мүмкін болған жетістіктердің бірі.

РКС: Есіл ауданының жолдары аудан басшылығының қатаң бақылауына алынған сұрақтардың бірі. Бүгінгі таңда, аудан жолдарының 40-45 процентінің тозығы жеткен. Мәселені шешу үшін жыл сайын облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп келеді. Айталық, өткен жылы 140 млн теңге бөлініп, оның 88 млн-ы тек Есіл қаласының жолдарына жұмсалыпты.  Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба,-дейді аудан әкімі.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жасалған жолдарды жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжат бар. Бағдарлама аясында ауданға берілген қаражат ауылдарға бөлінді. Нәтижесінде, Жанысбай ауылына 24,5 млн теңге, Красивое ауылына  10 млн, Знаменкаға 31,8 млн теңге, Юбилейное селосына 19,4 млн тг бөлінген.

РКС: Қалған 28,8 млн-ы Бұзылық ауылына 39,5 млн теңгесі Курское селосына бөлінді. Бұл қаражат аталған ауылдардың негізгі кіре беріс жолдарын жөндеуге жұмсалатын болады. Ал, Есіл қаласындағы Өндіріс көшесін жөндеуге 106 млн теңге бөлінген.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: / Есіл қаласының оңтүстік бөлігі – өндірістік аумақ. Ол жақта тұрғындардың 30 проценті тұрады. Бюджеттен бөлінген 106 млн теңгені Өндіріс көшесіне асфальт төсеуге жұмсаймыз. Бұдан бөлек, агротехникумға апаратын көшеге де асфальт төседік. Бірақ, қаражат толық игерілмей, бұл жоба соңына дейін іске аспай қалды. Сондықтан, осы жұмыстарды аяқтау жоспарымызда бар.

РКС: Аудан тұрғындарының айтуынша, Орловка ауылының жолдары көңіл көншітпейді екен. Еркебұлан Баяхметов аталмыш ауыл жолдарын жөндеп, қиыршық тастарын төсеу келесі жылдың жоспарына енгізілген деді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...