ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:39, 13 сәуір 2021

Диктор: Биыл 836 ауыл әкімі ауысады. Өйткені, олардың қызметтік өкілеттігі аяқталады. Ал, орнына келетіндерді бұрынғыдай мәслихат емес, халық сайлайды. Бұған 4,8 млрд теңге қаралып отыр. Саяси науқан кезең-кезеңмен өтеді. Ұлттық экономика министрлігі осыған қатысты заң жобасын таныстырды. Әкім лауазымына өзін-өзі ұсынуға болады. Ол үшін сайлаушылардың кемінде 1 пайызы, яғни 70 адам дауыс беруі тиіс. Екіншісі, саяси партиялар атынан да түсе алады. Кандидаттардың жасы 25-тен кем болмауы керек. Осы екі жағдайда да үміткер болмаса, онда аудан әкіміне ұсынуға мүмкіндік жасалады. Жалпы, сайлауға дейінгі науқанға 40 күн беріледі. Бірақ, оның 8 күні ғана үгіт-насихатқа арналған. Сарапшылар бұл тым қысқа уақыт,-деп отыр. Сондықтан қол жинау, тіркеуден бас тарту сияқты шаралар мерзімін қысқартып, соны агитацияға қосуды ұсынды.

СНХ:  ҚАНАТ МУСИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

КСМ: Сондай-ақ депутаттар талаптың кейбір тұстарымен келіспейтінін айтты. Мәселен, үміткер мемлекеттік қызметте кемі 1 жыл немесе басқа орында 2 жыл жетекшілік лауазымда болуы тиіс деген тәртіп қисынға келмейді деп санайды. Ал, ең бастысы кандидат жергілікті жерді жақсы танып, проблемасын жіті білгені абзал.

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...