ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

19:20, 21 шілде 2021

 

ДК: Соңғы жылдары республика көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артып келеді. Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділігі барын айтқан еді. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Ақкөл, Сандықтау, Атбасар аудандарына арнайы барып, серіктестіктер мен сүт фермаларының жағдайын біліп қайтты.

РКС: Облыс әкімі Ақкөлде жобалық қуаты айына 1,5 млн дана кірпіш шығаратын «Арман Тас» кірпіш зауытына барды. Сонымен қатар «Ақкөл Агро Сервис» серіктестігінің жұмысымен танысты. Мұнда «Беларус» тракторлары, шөп шапқыштар, 6 тонналық тіркеме техникалары шығарылады. 1 шілдеден бастап іске қосылған серіктестіккке 320 миллион теңге инвестиция тартылған.

СНХ: ВИТАУТАС ПЯТРО, «ТЕХНОАГРОСЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Қазіргі уақытта бізге қаржылай қолдау қажет. Біздің қорда ақша бар. Жаңа жоба 300 миллионды құрап отыр. Қазір бізде оның 40 проценті бар. Қазір бізге инвестиция тарту керек болып тұр.

РКС: Сандықтау ауданында биыл «Нұрлы Абат»  ірімшік өндіру цехы жұмысын бастады. Мұнда тәулігіне 3 тонна шикізат қайта өңделеді. Сонымен қатар «Сандықтау-Агро» ауыл шаруашылығы кешені ауданның ірі серіктестіктерінің бірі. Қазіргі уақытта нысанда жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 2 ангар, 2 механикалық тоқ, астық өлшейтін нысанның құрылысы, сондай-ақ, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СНХ: НИКОЛАЙ ТАМБОВЦЕВ, «САНДЫҚТАУ АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 2-3 күн бұрын ғана жауын жауып, диқандарды қуантты. Көктемгі өткен жауындар да жерге жақсы әсерін берді. Дегенмен биыл жақсы өнім аламыз деген ойдамын.

РКС:   Аймақ басшысы Атбасардағы «Шуйское ХХІ» сүт фермасының жағдайымен танысты. Серіктестік 2002 жылы іске қосылған. Бағымда 766 бас ірі қара бар. Оның 161 голштейн сүтті сиыр тұқымы. Соңғы 6 айда 1300 тонна сүт өндірілген.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Бұл серіктестікке қанша жыл? Голштейн тұқымдастарын қайдан алдырдыңыздар? Қазақстаннан ба?

СНХ: АЛТЫНБЕК ҚҰРМАНҚҰЛОВ, «ШУЙСКОЕ ХХІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Жаңа база бойынша біз 2 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Голштейн тұқымды сүтті сиырларды Ақтөбеден алдырдық. Экономикалық жағдайымыз тұрақты.

РКС: Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту. Өңір басшысы облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін алдымен аудандардың жағдайын жақсарту керектігін айтты.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...