ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:13, 12 шілде 2021

 

ДК: Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуы жақсы. Мал басы сонау тәуелсіздік жылдарынан бері 3 есе көбейген. Егін шаруашылықтары қанат жайып, қамбаны молдап толтыруға қам жасап келеді.

РКС: Аграрлы-индустриялды аймақ саналатын Ақмола облысының Зеренді ауданы мемлекет басшысының тапсырмасына орай ұтымды жобаларды жүзеге асырды. Соның арқасында аудандағы мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келеді.  Ауданда ірі қара – 55 мың, жылқы - 28 мың, сүтті сиыр 23 мың, құс саны – 223 мыңнан асып жығылады.

СНХ: СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылғы саласы бойынша біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Біз мал басын көбейтуге басымдық беріп келеміз.  Ол үшін жеткілікті жем-шөп жиналуы тиіс. Былтырдың өзінде 308 мың тоннадан астам мал азығын дайындадық. Биыл 290 мың гектардан астам жерге дән сіңірдік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 20 мың гектарға артық.

РКС: Шаруалар жемшөптен жылда таршылық көрмес үшін тыңайтқышты нормасымен пайдаланып, жауын-шашынның мол түскенін күтеді. Биыл республика көлемінде қуаңшылық болып жатқанын ескерсек,  мал азығының бағасында да ауытқушылық болатын түрі бар. Десе де, малдың қыстан аман шығуына қор жинауға ауданның шаруалары күш салып жатыр. Әсіресе агротехникалық шаралар: дән сіңіру, ылғал жабу, тыңайту мәселелері дер кезінде назарға алынды.

СНХ: НҰРПЕЙІС АЙТХОЖИН, «АЙДЫН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз./// 2000 жылдардан бері осы жер алып, қожалық ашып істеп жатырмыз.  Негізі дайындықты күзден бастаймыз. Жер жырту, қар тоқтату. Биылғы жылды білмейміз. Ауа райы қиын болып тұр. Дегенмен өсіп жатқан секілді. Бәріміз дайындалып жатырмыз.

СНХ: ОРАЗ КӨКШЕҰЛЫ, АГРОНОМ///қаз./// Осы ауыл шаруашылығында көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Кейінгі 3-4 жылда осында келіп жұмысқа  орналастым. +++ скл+++ Қазір басты істеп жатқан жұмыстарымыз – химиялық өңдеу. Зиянкестер мен арамшөпке қарсы ауруларға қарсы толығымен жұмыс істедік. Бүгінгі таңда 85 пайыз барлық жұмыстарды атқардық.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар» дей келе, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруды міндеттеген еді. Бұл бағытта Ақмола облысы 30 жылдан бері ауқымды жұмыс атқарып келеді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...