ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

18:59, 28 шілде 2021

 

ДИКТОР: Жыл өткен сайын елдегі  ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Бұл жерде, әсіресе, саладағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі драйвері, квазимемлекеттік сектордың, рөлі маңызды.

РКС: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Ақмола филиалы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиелендірудің негізгі операторы.   Қор ауылдық жерлерде бизнес-жобаларды дамытуға шағын несие береді.

СНХ: САМАТ МҰҚАШЕВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілген сәттен бастап біз 14 миллиард теңгеден астам несие бердік. 2021 жылы 1 миллиард 925 миллион теңге бөлінді. Оның 885 миллионы қалаларға, қалған 1 миллиард 40 миллион теңгесі ауылдық елді мекендерге бағытталды.

РКС: Қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру - ауылдың әл-ауқатын жақсартып, ауыл шаруашылығының басым салаларын дамытуға тікелей әсер етеді. Осы мақсатта қор жыл сайын агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие берудің жаңа бағдарламаларын іске қосады.

СНХ: САМАТ МҰҚАШЕВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің шарт бойынша жылдық мөлшерлеме 6%. Ал көп балалы отбасыларға 4% дейін.  Кәсіпкерлікті дамытуға қарыз 60,  мал шаруашылығын дамытуға 78 айға беріледі. Мал шаруашылығына жеңілдік кезеңі қарастырылған. Яғни,  негізгі қарыз үшін 24 ай және сыйақы үшін 9 ай. Ал кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдік кезеңі негізгі борышқа 12 ай және сыйақыға 6 ай.

РКС: Соңғы жылдары қордың облыстық  филиалы «Игілік», «Сыбаға», «Ынтымақ», «Ырыс» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы саласына несие беруді табысты жүргізді. Бұл көптеген ауыл тұрғындарының өз кәсіптерін  жүргізуіне жол ашты.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...