
ДК: Атбасар ауданындағы Шуйское ауылындағы заманауи спорт кешені ауыл балаларының сүйікті орнына айналды. Олар жазғы демалыс күндері спорттың бірнеше түрімен айналысып алдағы жарыстарға дайындық жасауда.
РКС: Шуйское ауылындағы Бейсембек Құрманқұлов атындағы спорт кешенінде қысқа мерзімде талай байрақты бәскелер өтті. Бұл бұқаралық спортты дамытудың алғашқы қадамдары. Алдағы уақытта республикалық және халықаралық сайыстардың орталығына айналатыны сөзсіз.
СНХ: ӘЙГЕРІМ АМАНТАЙҚЫЗЫ, СПОРТ КЕШЕНІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бейсенбек Құрманқұлов атындағы спорт кешені ашылғалы оның есігі жабылған емес. Аудандық жарыстардан бастап облыстық бәсеклер өте бастады.Әр жерден келген командаларда қолайлы жағдай туғызамыз.Спортшылардың киініп шешініп жуынатын жерлері сақадай сай әзір тұрады. Биылғы жылғы жарыс кестесін бекіттік.Оны жоғары деңгейде өткіземіз.Жақында еркін күрестен жаттықтырушыны жұмысқа қабылдадық. Ол қазір 20 дан астан жасөспірімді үйретіп жүр.
РКС:Көкшетау қаласында бірнеше жыл бапкерлік қызметте болып,тәжірибе жинақтаған Еркін Сәдуақасов алдағы болашақта Шуйское ауылынан әлемге танымал еркін күрес шеберлерін тәрбиелеп шығаруды армандайды.
СТЭНДАП:ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,ТІЛШІ: Бұл заманауи спорт кешені 2021 жылы есігін айқара ашты.
СНХ:ЕРКІН СӘДУАҚАСОВ, БАПКЕР: Мен маусым айында Шуйское ауылына келдім.Осында жұмыс берді,пәтер берді. Барлық жағдай туғызған Алтынбек ағайға алғысым шексіз. Ол осындай заманауи спорт зал салып ауыл балаларының әлемдік деңгейдегі жетістігін көргісі келеді. Амандық болса оны біз бапкерлер жүзеге асырамыз.
РКС:Алыптар ауылдан шығады.Соның айқын айғағындай еркін күрес үйірмесіне жаңадан келген балалар арасынан бозкілемнің хас шеберлерінің шығары сөзсіз.Солардың бірі Шуйское ауылының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартқан іскер басшы марқұм Бейсембек Елекенұлының немересі Сұлтанәліден үлкен үміт күтеді бапкер.
СНХ: СҰЛТАНӘЛІ БЕЙСЕМБЕК, БАЛУАН: Еркі күрес спорттың өте әдемі түрі.Аз ғана уақытта бапкерім Еркін аға Еркін күрестің бірнеше тәсілін үйретті.Жаттығуды бір күнде босатқан жоқпын.Арманым аянбай тер төгіп әлем чемптоны болу.
РКС:Ауыл балуандарының алғашқы қадамына сәттілік тілеп аттандық бізде.Күні ертнң Шуйскоеден түлеп ұшқан шеберлерді әлемдік жарыстардан көретін күнде алыс емес ағайын.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ