ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

13:56, 7 сәуір 2021

ДК: Облыс орталығында Еркін Әуелбековке ескерткіш қойылады. Мемлекет қайраткерінің 90 жылдық мерейтойында қолға алынған бұл бастамаға өңір тұрғындары қолдау танытып отыр. Қазіргі таңда ескерткіштің жобасы жасалып, қоғамдық қор құрылды. Еркін Нұржанұлының асыл болмысына куә болған Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының ақсақалдары қорға қаржылай көмек көрсету туралы бастама көтерді.    

РКС: Абылайхан ауылдық округінің іргелі қонысқа айналуына Еркін Нұржанұлының шарапаты тиді, - дейді қариялар. Білікті басшы кеңес кезеңінде шаруаға жайлы мекенді жеке совхоз етіп, мектеп пен жол салғызып, су құбырын тартқызған. Есіл ерге ескерткіш қою туралы бастамаға ауыл тұрғындары бірауыздан қолдау танытып, қаржы жиған.

СНХ: СЕКСЕНБАЙ ЫБЫРАЕВ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ///қазақша///  Егіншоқы дейді, соның үстіне екі мәшине шықты. Ұзын бойлы шашын қайырған, қолы салалы  әдемі жігіт екен. Қарап тұрды да: «мына егінде жүрген комбайндарды тоқтатыңдар, 4 күн, бір жұма шамасында қара жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Атжалға жығылған егін малға қалады, тік тұрғанын қардың үстімен аласыңдар», - деді. Айтқанындай 4-5 күнде қар жауып, егінің жартысы жерде қалды. Қалғанын қардың үстінен орып алдық.

РКС: Бұл ауылда 200-ге тарта түтін бар. Қазақы қоныстың ақсақалдары мына «мектеп» көшесін  Еркін Әуелбековтың атымен атауға облыстық ономастикалық комиссиядан рұқсат сұрап отыр. Ел үшін аянбай еңбек еткен асыл  азаматтың  есімі жас буынға үлгі болар еді,- дейді қариялар.   

СНХ: БЕЛГІБАЙ ХАСЕНОВ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ///қазақша///Еркін Әуелбековтың жастарға беретін өнегесі, ол еліне деген адалдығы. Еңбекте қажырлығы. Қиын жерде сөз тауып, амалын тауып, алғырлығымен шеше білуінде. Адал еңбегімен атын халқына мәшһүр ете білуінде. Міне осысымен ол кісінің есімі жастарға үлгі болар еді.

РКС: Еркін  Әуелбековтың ескерткішіне Қызылорда облысы тұрғындары да үлес қосуға ниетті. Сыр бойында да қоғамдық қордың филиалы ашылыпты. Қор жетекшісі Оразкен Нұртазин ауыл тұрғынарына алғыс білдіріп, мектеп ұжымына Е.Әуелбековтың өмір деректері жиналған кітапты тару етті.

СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, «ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //қазақша///  Бұл қордың бірінші мақсаты Еркін Әуелбековке ескерткіш қою. Екінші мақсаты жастарға стипендия тағайындау. Еркін Нұржанұлы көпбалалы отбасынан шыққан, білімді жастарды, азаматтарды қолдап жүретін. +Ескерткіштің жобасы жасалды. Бұйырса, ол Көкшетауда Әуелбеков пен Сәдуақасов көшелерінің қиылысында салынады. 

РКС: Мүсіннің жобасы әзірленіп, Мәдениет және спорт министрлігіне жолданыпты. Игі бастамаға облыс әкімдігі де қолдау танытқан. Ауыл азаматтары барша облыс тұрғындарын игі бастаманы қолдауға шақырады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...