ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

19:16, 28 шілде 2021

 

ДК: Қазір шаруалар қыстың қамына қызу кіріскен. Бірақ, биылғы қуаңшылық салдарынан еліміздің батыс аймақтары көп зардап шегіп отыр. Бұл келеңсіздік Ақмола өңірін де  айналып өткен жоқ. Ауылдағы ағайын алдағы қыста малға азықты қалай тауып береміз деп дал болуда. Құрғақшылық салдарынан биыл шөп шықпай қалған. Зеренді ауданына барып қайтқан тілшіміз Абзал Жұмабек баяндасын. 

РКС: Бұл Зеренді ауданына қарасты Ақадыр ауылы. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының дені төрт түлік малмен күнелтіп отыр. Солардың бірі-Досжан Тұрсынхан. Қураған шөпке қарап, қорасындағы 30-ға жуық қойы мен 40-қа тарта қара малын алдағы қытымыр қыстан қалай шығарамын деп алаңдаулы.

СНХ: ДОСЖАН ТҰРСЫНХАН, АҚАДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Жылына мынау телешкемен 25 телешке шөп алатынмын. 2 КамАЗ жем алатынмын. Міне биыл техниканың бәрі қорада тұр қаңтарылып. Бензин, соляркасын дайындап қойғанбыз. Шабатын жер жоқ ешқандай.

РКС: Өткен жылы малдың бойымен бірдей бітік шыққан алқаптарында биыл шөп жоқ. Ауыл тұрғындары әуре-сарсаңға түсіп отыр. Сайлардағы кішігірім көлшіктер де  тартылып қалған. Өрістегі мал кешқұрым қаталап келеді. Жергілікті тұрғындар осындай құрғақшылық жылдары шөп бағасының да аспандап кететініне алаңдаулы.

СНХ: ҚАЙРОЛЛА СЕЙІТҚАМЗАҰЛЫ, АҚАДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Былтыр мен 5 мыңға  рулон шөп алатынмын. Енді оны биыл ала алатын жағдай жоқ 14-15 мың теңге деп тұр біреуінің өзі.

РКС: Ауыл азаматтарының ендігі үміті атқарушы билік органдарында. Жергілікті атқамінерлер шөп тапшы өңірлерге көмек көрсетілетінін айтады. Үкімет тарапынан да қолдау болады,-дейді.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүкіл аудандар бойынша штаб құрылды. Аудан, ауыл әкімдері шаруашылық қожалықтарының директорлары сол штабтың құрамында. Енді олар каждый ауылдарда мониторинг жүргізіп, шөппен қамтамасыз етіп жатыр.+скл+Биылғы жылы шөптің шабу мәселесіне қарағанда 42 мың гектарды біз лесхоздан жер алдық халық өзі шабу үшін. Шөп жағдайын қарастыру үшін. Сосын үлкен шаруашылық қожалары бар, өздеріндегі көп шөптерді шаба алмай, игере алмай жатқан жерлерін халық өздері барып шабуға рұқсат берді.

РКС: Айта кетейік, қазіргі таңда облысқа қажетті жем-шөп қоры 1 миллион 183 мың тонна болса, соның 712 мың тоннасы дайындалған. Шөп дайындау науқаны әлі де жүріп жатыр. Тағы бір ақпарат, шаруа қожалықтары егін ору кезінде жылдағыдай сабанды егістік алқапқа шашып тастамай, жергілікті тұрғындарға үлестіріп беруді көздеп отыр.  

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...