
ДК: Елорда іргесіндегі Софиевка ауылының ішкі автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Бұл шара тікелей Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Тұрғындар елдімекеннің жыл өткен сайын гүлденіп келе жатқанын айтады. Ауылдағы ағайынның жайын білуге тілшіміз Жансұлу Жиенқұл барып қайтты.
РКС: 3500-ға жуық халқы бар Софиевка ауылына мемлекеттің назары түсті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл біршама жұмыстар атқарылған. Жалпы құны 2 миллиард теңгеге 18,9 шақырым жолды жөндеу қарастырылған. Осы жылы тек 6,9 шақырым жол асфальтталған. Жоба 2022 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
СНХ: БЕКЗАТ СҮГІРӘЛИЕВ, СОФИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 2020 жылы осы қызметке тағайындалдым. Сол келгеннен бері біраз жұмыстарды атқарды. Биылғы жылы «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәдениет үйімізді күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қолданысқа бермекпіз.
РКС: Ауылдағы жастардың спортпен айналысуы үшін де бар жағдай жасалған. Жергілікті бюджеттен спорт алаңын қоршауға алынып, камерамен жабдықтау үшін қаржы бөлінген. Сонымен қатар білім ошағының шатыры ауыстырылып, мектеп толық жөндеуден өтті. Білім беру саласына еңбегі сіңген зейнеткер Күлән Түркебаева халықтың тыныс-тіршілігі жайында бірер ауыз пікірін білдірді.
СНХ: КҮЛӘН ТҮРКЕБАЕВА, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Қазіргі ауыл қаладан алыс емес. Біздің Софиевка алдыңғы қатарлы ауылдың бірі. Енді қазір бізде жетістіктер көп болып жатыр. Ауыл әкімін өзіміз сайлағанбыз. Осы жердің тумасы. Мәдениет үйі де салынып бітіп жатыр. Жол да бар.
РКС: Целиноград ауданына қарасты ауылдың проблемалары да жоқ емес. Софиевканың жаңа шағын ауданында орталықтандырылған су мәселесі шешілмеген. Жобалық сметалық құжат дайын. Алайда оны бекітіп, нақты жауап келгенше біраз уақыт керек.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ