ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ОНЛАЙН ӨТУДЕ

17:45, 23 қараша 2020

ДИКТОР: 21-28 қараша аралығында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Оған республика бойынша 280-нен астам спортшы қатысып жатыр. Өткен демалыс күндері Ақмола облысының намысын Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларынан 18 спортшы қорғады.

РКС: Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы республикалық чемпионатты Талдықорған қаласында өткізуді жоспарлаған болатын. Турнирді өткізу мерзімі де басқаша еді. Алайда, елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізу туралы шешім  қабылданды.

СНХ: БАТЫРБЕК ОЗДОЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ//рус//Біз бұл чемпионатқа мықтап дайындалдық. Мына індетке байланысты соңғы кезде ешқандай турнир ұйымдастырылмай келді. Осы сайыстың өтіп жатқаны бізді қуантады.  Онлайн жарыстардың өзіндік бір кемшін тұсы да бар, спортшылар үй жағдайында дайындалуға мәжбүр болып отыр.

РКС: Чемпионаттың бірінші күні Ақмола облысының спортшысы қола жүлдені жеңіп алды. Айым Мұхамеджанова дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған спорт мектеп-интернатының түлегі. Қыздар арасында бірнеше дүркін чемпион атанды. Қазақстанның спорт шебері.

СНХ: АЙЫМ МҰХАМЕДЖАНОВА, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ///Онлайн өнеркөрсету мен үшін сәл ыңғайсыздық тудырғанын жасырмаймын. Дегенмен, өз көрсеткішіме көңілім толады. 3 айдан артық жаттыққан жоқпыз. Бұрынғы қалыпқа келу әрине, қиын болды. 49 келі салмақта өнер көрсетіп келемін. Ауыр атлетикамен 10 жыл айналысамын.

РКС: Айым болашақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленгісі келеді. Естеріңізге сала кетейік, аталған чемпионатта әр атлет штангамен жаттығулардың жеке түрлері бойынша да өнер көрсетті.

СНХ: ИСЛАМ ІЛИЯСОВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ//рус// Мен 6 жасымнан бері спорттың осы түрімен айналысып келемін. 12 жыл бойы жаттығамын. Онлайн жарысқа алғаш рет қатысып отырмын, алғашында біртүрлі сезімде болғаным рас. Бәрі ойдағыдай өткен сияқты. Көрермендердің қолдауы жетіспейді.

РКС: Сайыста өнер көрсеткендердің барлығы жаңадан құрылған құраманың спортшылары. Олардың кейбірі үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы чемпионат.

ӨМІРЗАҚ ЖҮРСІН, АБАЙ КӘКІМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...