
ДК: Ақмола облысы аумағында сынап бағанасы минус 36 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктер суық антициклон тағы екі күн сақталады деп отыр. Алдағы демалыс күндері Солтүстік мұзды мұхиттан келген суық ауа ағынын Қара теңізден Орталық Азияға бет алған жылы ауа алмастырады.
СНХ: ДИНАРА НҰРҒАЛИЕВА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК///аударма/// Солтүстік мұзды мұхит пен Салехард аумағынан келген суық ауа антициклоны салдарынан Ақмола облысы аумағында түнде минус 25-30 градус, кей жерлерде минус 36 градус аяз болды. Күндіз сынап бағанасы минус 20-25 градустан 28 градусқа дейін төмендейді. Суық ауа райы 15 қаңта күні де сақталады. Жұма күні түнде 27, күндіз 18 градусқа дейін аяз сақталады.
РКС: Ең суық температура сандықт ау ауданында тіркеліпті. Мамандар қаңтардағы қар мөлшері айлық нормадан асып кеткенін айтады. Синоптиктер айдың орта шенінде ауа температурасы едәуір жылынып, үшінші декадада аяз бен боран күшейеді деп болжаған.
СНХ: ДАНИЕЛЬ ЖҰМАЖАНОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Демалыс күндері Ақмола облысы аумағына Қара теңіз бойынан жылы ауа ағыны келеді. Ауа температурасы күндіз минус 5-10 градус, кей жерлерде минус 13 градус болады деп күтілуде. Кейбір аудандарда циклонмен бірге қар жауады. Желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
РКС: Облыс аумағында ауа райын бақылайтын 20 станция қызмет атқарады. Бұл нысандарда ауа райының 30 жылдық орташа көрсеткіші есепке алынады. Консультативтік ауа райы болжамына сай ақпан айында ауа температурасы көпжылдық бақылаудың орташа көрсеткішінен 1 градусқа жылы болады деп күтіліп отыр.
АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».