
ДК: Ел тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы ұйымдастырылуда. Фискалдық чектің берілмегені немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленетін болады.
РКС: Аталмыш акция мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес 20 қазаннан қайта басталды. Басты мақсат — фискалдық чектерді бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту деректерін анықтау.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚҰТТЫҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Фискалдық чекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы AppStore және Playmarket - тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне 1000 теңге сыйақы алуға болады.
РКС: Кәсіпкер туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін тұтынушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR-кодтан алынған ақпаратты есептей алады.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚҰТТЫҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарын өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Азаматтық бақылау –түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
РКС: Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ