ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖОЛЫНДА - 30 ЖЫЛ!

17:49, 26 ақпан 2021

ДК: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық бастамаларға қолдау артатынын жеткізді. Ақмолалық қоғамдық ұйымдар өңірдегі бірқатар экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлестерін қосып отыр. Былтырғы жылдың қараша айында Көкшетауда өткен үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың алдағы жұмыс жоспары айқындалған еді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев қоғамдық ұйым жетекшілерімен жүздесіп, азаматтық бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсетілетінін жеткізді.

РКС: Ақмола облысында 298 мемлекеттік емес ұйым бар. 15 жыл бұрын қоғамдық бірлестіктерге өңір бюджетінен жылына  7 млн. теңге бөлінсе, қазір бұл сомма 400млн. теңгені құрайды. 27-ші ақпан дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Өңір басшысы қоғам белсенділерін төл мерекесімен құттықтап, жергілікті билік әріптестікке әзір екенін жеткізді.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///ҚАЗАҚША///Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтаймын. Біз өткен жылдың қараша айында облыстық азаматтық  ұйымдардың форумын өткіздік. Онда қоғамдық бірлестіктердің қызметін, алдағы жоспарларын талқыладық. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қарастырдық. Міне, бүгін араға үш ай салып сіздермен қайта кездесіп отырмыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында атқарылған істер баршылық, алдымызда үлкен жұмыс, маңғызды міндеттер тұр.

РКС: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «30 игі іс» марафонына ақмолалықтар да өз үлесін қоспақ.    «Доброе сердце. Лидер.кз» волонтерлық ұйымы өткен жылда 400-ге тарта із-түссіз жоғалған адамды іздестіріп тапқан. Жалғызбасты қарияларға қамқорлық көрсетіп, аптасына екі рет тегін нан таратуды дәстүрге айналдырған. «Экокөкше» экологиялық орталығының қызметі қазақстандық экологтарға етене таныс. Ғалым Әбілжан Құсайынов жетекшілік еткен ұйым 2000 жылдары Қопа көліне биохимиялық зерттеу жасаған еді.

СНХ: ӘБІЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, «ЭКОКӨКШЕ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// 02/00Қазір көлдің экологиялық жағдайы біршама жақсарды. Қала құрлысының дұрыс жүргізілуі, көлді айнала инфрақұрлым жасалып, жекеменшік жер үйлердің сырылуы оң ықпал етуде. Алайда бұл жда жеткізіксіз. Біз қаладан көлге бағытталып ағатын арық суын тазартуды қолға алуымыз керек.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///орысша/// Сіздің бұл бағыттағы жұмысыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Қопаны қорғау мақсатында жағалаудағы 50-ден астам жер үй сүрілді. Көлдіайнала салынған жол бойы арықпаен қамтамасыз етіледі. Көл ойпаңда орналасқандықтан қала арықтарының суы Қопаға ағылады. Біз үш жерден арық суын тазартатын сүзгі орнатуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде көліміз қазіргіден де тазара түседі.

РКС: «Абаймектептері», «Білім фоундейшн» қоғамдық бірлестіктері жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, мектептердің жабдықталуы бағытында жаңа шешім ұсынып отыр. «Насихат» қоғамдық бірлестігінің діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмысы, «Ауған соғысы ардагерлері» ұйымының патриоттық тәрбие берудегі рөлі жоғары бағаланды. Жиында үкіметтік емес ұйым жетекшілері бірқатар мәселелерін ортаға салды. Облыс әкімі қоқыс өңдеу, өнеркәсіп қалдықтанынан тыңайтқыш жасау, ауған соғысы ардагерлерін пәтермен қамту, өңірге әйел теолог шақырумәселелеріне қолдау танытты.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...