ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

БАБАЛАРДАН БАТА АЛҒАН БАРАТАЙ...

13:42, 11 қаңтар 2021

ДК: Зеренді мен Айыртаудың айрығында қыздың қос бұрымындай созылып жатқан қарағай мен қайыңның ортасында орналасқан Баратай қалың қазақ ауылы. Жылдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған мақаласы тарихы тереңде жатқан осы елдімекен жұртшылығының жүрегінен жылы орын тапты.

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бұқарадан жоғарғы діни білім алған Науан Хазірет бабамыздың кіндік қаны Баратай ауылында тамған...

РКС: Төңкерістен кейінгі ұжымға бірігу, ашарлылық, Ұлы Отан соғысы, тың игеру сияқты кеңестік саясаттың кесапатын көрген Баратай ауылының тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде нарық заңын игеріп, өркениетті ауылдардың  қатарынан ойып тұрып орын алды. Осынау қадамға жерлестерін әр алуан қызметте жүрген аға буын өкілдері жетелей білді.

СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, БАРАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: /қаз/ Мен Науан Хазіреттің ұрпағы екенімді әркез мақтан тұтамын. Ауылымыз күнкөріске өте қолайлы жерде орналасқан. Жан-жағымыз ну орман, мөлдір көл. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жастарымыз нарыққа биімделді. 80-ге жуық түтіні бар Баратайда 10-ға жуық шаруа қожалығы ашылды. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай өткізілетін мәдени-көшілік шаралардың жоспары жасалды. Оған ауылдың барлық тумасы түгел атсалысады және тарихымызды түгендейтін арнайы кітап шығару ойымызда бар.

РКС: Жас келсе-іске демекші, Баратай ауылының жастары қай кезде болмасын белсенді. Туған ауылдың өсіп өркендеуіне де солар белсене қатысуда.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЕВ, БАРАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: /қаз/ Жастарымыздың жігері, еңбекке деген белсенділігі қуантады.  Жалпы, еліміздің болашағы солар екеніне кәміл сенуге болады. Кейінгі толқын ұрпақ қандай істе болмасын алдыңғы қатардан көрінуде. Менің ауылымның жастары да солардың қатарында.

РКС: Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтіп жатқан «Менің туым – менің Отаным!» челенджіне Баратай ауылының барша тумасы бір адамдай жұмыла қатысты.

РКС: «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Президент мақаласы көне тарихымыздың көзін ашып, жастарымыздың патриоттық сезімін оята түсті.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...