ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

«БАЙТАҚ ДАЛА БЕДЕРІ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

13:29, 2 сәуір 2021

ДИКТОР:  «Туған жер» бағдарламасының  және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Байтақ дала бедері» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған шарада Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші, қолөнер шебері Бектас Кәрімұлының туындылары көрермен назарына ұсынылды.

РКС: Туған жер. Оның қадір-қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр адамның кіндік қаны тамған жері қашан да ыстық, әрі құнды. Тәуелсіздіктің арқасында ата жұртқа қоныс аударған қылқалам шебері Бектас Кәрімұлы қазақтың байтақ даласын қылқалам  арқылы бейнелеп келе жатқан суреткер.

СНХ: БЕКТАС КӘРІМҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: //қаз//01:17//Мынау соңғы жұмысымда бір өзгеше стильде ағаш, сүйектерден композиция жасадым. Сүйек дегенде де жауырын сүйегі бір қазақта қасиетті ырымдайтын сүйек болғандықтан соны бастама етіп, басқа елдердің көрмелеріне шыққанда да бұл қазақтың ұлтында, бір  дәстүрінде  осындайда бір насихаттап жүруге +скл+ жағдай бар.

РКС: Ешкі мен қойдың жауырын сүйектерінен жасалған керемет картиналар көрмені тамашалауға келгендердің назарын бірден аударады. Қылқалам шеберінің туындыларын өзінше бір әлем деп қарастыруға болады, -дейді әріптестері.  

СНХ: ЮРИЙ ПОПОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: //аударма// Әр жұмыстың өзіндік мәні бар және автор соның барлғын жан дүниесімен жасайды. Мені таң қалдырғаны осы жұмыстардың ішкі мазмұны мен жасалу жолдары. Менің ойымша, бұл қолданбалы өнердің үлкен жетістігі, ол керемет суретші. Айтқым келетіні,бұл көрме қала үшін өте маңызды.

РКС:  Шебердің қолынан шыққан әр туындының өзіндік ерекшелігі бар. Оның артында тынымсыз еңбек пен шығармашылық стиль тұр. Сүйектен ойып картина жасау кез келген шебер қолынан келетін дүние емес.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ://қаз//Қашан да ұлт өнерін, қол өнерін мәдениетін жаңғыртып жүр. Сондықтан да әр қашан биіктен көрініп +скл+ Жылда-жылда осындай патриотты сезімде жасалған  көрменің куәгері болып жүре берейік.

РКС: Айта кетейік, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, рухани құндылықтарды насихаттайтын көрмені облыстық әдебиет және өнер музейі екі апта көлемінде  көрермен назарына ұсынбақшы.  

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...