ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

19:17, 10 қыркүйек 2021

ДК:  Сыйластық, шыдамдылық, түсіністік, махаббат бұл отбасын құруға қажетті факторлар. Көкшетауда Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауының финалистері мен жүлдегерлері марапатталды.

ЖКС: Отбасылық байқау 2014 жылдан бастап еліміздің Тұңғыш Президентінің бастамасымен өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде байқауға жүздеген ақмолалық отбасылар қатысты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиенің маңыздылығын арттыратын осындай байқауларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өткен жылы коронавирустық пандемияға байланысты біз бүкіл ел сияқты бұл байқауды өткізуге мүмкіндігіміз болмады. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, қазақстандық отбасы күніне орай, біз «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аясында отбасыларға құрмет көрсету дәстүрін жалғастырудамыз.

ЖКС: Қазіргі қоғамда отбасының рөлі бұрынғыдан да маңызды. Құрмет Нұрсұлтан өзінің ұйыған отбасындағы ауызбіршілігі мен сыйластығын мақтана айтады. Ауыз толтырып айтарлықтай отбасылық жетістіктері де көп. Осы ретте облыс әкімі мерейлі отбасыға Мемлекет басшысының атынан естелік мүсін, диплом мен 5 миллион теңгелік ақшалай сертификатты табыс етті.

СНХ: ҚҰРМЕТ НҰРСҰЛТАН, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІБүгін біз «Мерейлі отбасы» конкурсында жеңіске жеттік. Біз бәріміз өте қуаныштымыз. Менің ойымша, бұл біздің отбасымыздағы әркімнің еңбегі.

ЖКС: Жақсы ауданынан Айдарбековтар отбасы бірінші орынды еншілеп, 500 мың теңгенің ақшалай сертификатына ие болды. Ал екінші орын Ақкөл ауданының Дәулетовтар отбасына бұйырды. Оларға 350 мың сомасындағы бағалы ақшалай сертификат табысталды. Астрахан ауданының Әркеновтар отбасы үшінші орыннан көрінді. Сыйақысы – 250 мың теңге.

СНХ: ҚАНАТ ӘРКЕНОВ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІӘйелім екеуміз 6 жыл некеде тұрмыз. 2 бала тәрбиелеп отырмыз. Ұлым 5 жаста, қызым бір жаста. Бұл байқаудың маңыздылығын атап өткім келеді, атап айтқанда жастарды патриоттық тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған үлкен жоба.

ЖКС: Өзге де қатысушы отбасыларына естелік дипломдар мен тұрмыстық техника сатып алуға 100 мың теңгелік сертификаттар берілді.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...