ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

20:54, 27 қазан 2021

 

ДК: Кешегі Ресейдің Қазан қаласында болған қайғылы оқиғадан кейін, білім ордаларындағы қауіпсіздік жіті бақылауға алынды. Осы орайда, бейнебақылау жүйесі, күзет агенттігіне дабыл беретін батырмалардың дұрыс жұмыс істеуі тексерілуде. Нақтырақ айтсақ, облыстық Полиция департаментінің мамандары аудандардағы мектептердің қауіпсіздігін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ЖКС: Қырағы бейнебақылау камералары облыстың 552 мектебі мен 32 колледжінде  орнатылған. Тәртіп пен заңды әрекетті анықтау үшін түсірілім 1 ай көлемінде сақталады. 93 білім беру мекемесіне арнайы күзет қызметі енгізілген. 136 мектепке турникеттер орнатылса, 86 мектепте дабыл нүктесі бар. Степногорск қаласында да барлық 9 мектепке мамандандырылған күзет жұмыс істейді. Алда тағы 3 білім ордасына, жалпы құны - 12 миллион теңгеге турникеттер орнату көзделген.

СНХ: БОЛАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ: Степногорск қаласына келуіміз облыс бойынша қауіпсіздікті бақылау жүргізіп жатырмыз. Білім ордаларында арнайы турникеттер қойылған. Бұл тыйым салынған заттарды алып өтуді және бөгде адамдардың мектептерге кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Ал бейнебақылау жедел қалалық басқармаға қосылған. Сондай-ақ, терроризм, экстремизм мәселелері жөнінде кеңес өтті.

ЖКС: Өндірістік шаһардағы білім беру мекемелерінде барлығы 745 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 112-сі ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосылған.

СНХ: ЕВГЕНИЯ МАКАРОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ №4 МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  Балалардың қауіпсіздігі аса маңызды. Сол себепті бізде бейнебақылау камералары орнатылған. Кірген бетте турникет жұмыс істеп тұр. «Ашық» арқылы жұмыс істейміз. Кіріп – шыққан адамдардың тізім жасалады. Барлығы 31 камера. Тағы сыртта жетеуі орнатылған. Мектептегі бейнебақылау жүйелері

ЖКС: Алдағы уақытта шағын қала маңындағы елдімекендердегі мектептерді мамандандырылған күзетке ауыстыру, дабыл қағу батырмаларын орнату бойынша жұмыстар қолға алынбақ.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, РУСЛАН ВОТИН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...