ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

БАЛАБАҚША БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

19:33, 19 шілде 2021

 

ДК: Тәуелсіздік жылдары көкшетаулық балаларға есігін айқара ашқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірі – «Көктем» бөбекжайы. 280 орынға шақталып салынған балабақша бүгінгі күні саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде. Бөбекжайдың тынысы туралы тілші бейнематериалында.

РКС: «Көктем» бөбекжайы 2016 жылы ашылған. Қазір мұнда екі тілде 12 топ бар. Олардың сегізі мемлекеттік тілді болса, төртеуі орыс тілді топтар. Бөбекжай болғандықтан төрт топ үшке дейінгі балалар. Тәрбиешілер құрамы да жоғары білімді, балаларға асқан мейіріммен қарайтын педагогтардан жасақталған.

СНХ: АЙША ШАЙХАНОВА, БӨБЕКЖАЙ ӘДІСКЕРІ:  Балабақшада 62 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде 34 педагог. Жоғары санатты-3, бірінші санатты 3 тәрбиеші бар. Балабақшаның басым бағыты балалардың гуманитарлық – эстетикалық дамуын қалыптастыру. Балабақшадағы материалдық техникалық база жақсы. Топтық бөлмелер кең, ойын, жатын бөлме және білім беру орталықтары арнайы жабдықталған.

РКС: Балабақшаның бір ерекшелігі – физио кабинеттің жұмыс істеуі. Физиотерапевттің берген нұсқауымен сырқаттанып қалған балалар тегін ем алады. Бір сөзбен айтқанда, бөбекжайда балғындардың тәрбиеленіп, интеллектуалды білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, мына сенсорлық кабинет Монтессори, Фребельдің технологиялары негізінде арнайы ойын жиынтықтарымен жабдықталған.

РКС: Балабақша тәрбиеленушілері мен падагогикалық ұжым түрлі қалалық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініпжүр. Ал қазіргі уақытта олар жаңа оқу жылына дайындық үстінде. 

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...