ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ

19:20, 20 наурыз 2020

 

ДК: Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелді. Ақмола облысы аумағында індетке қарсы күрес шаралары күшейтілді. Қоғамдық орындар қызметі тоқталылып, бизнес нысандары сақтық шараларын қолға алып отыр.  

РКС: Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық ірі сауда орталықтары уақытша қызметін тоқтатты. Олардың қатарында «Рио», «Керуен», «Мечта» тәрізді сауда үйлері мен «Шайба» базары, «Рубин» сауда үйінің екінші қабаты бар. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов азық-түлік саудалау нысандарының қызметі қалыпты жағдайда жалғасатынын жеткізді.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /// Бізде азық-түлік қоры жеткілікті. Дефицит орын алмайды.  Кәсіпкерлерді негізсіз бағаны көтеріп, тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырмауға шақырамын.

РКС: Медициналық мекемелер карантинге жабылған. Қариялар мен мүгедектерге арналған тегін дәрі-дәрмек мекен-жай бойынша жеткізіледі. 26 наурыздан бастап балабақшалар да жұмысын тоқтатады. Қазірдің өзінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балғындардың тек 20 проценті тәлім алуда. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина 20 наурыздан бастап, өңірдегі барлық санаторийлер мен курорттық демалыс орындарының қызметін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /// Пансионаттар, қонақүйлер мен санаторийлер жұмысын тоқтатты. Мұндай демалыс мекемелерінде адамдар көп шоғырланады. Оның үстіне мұндай шара адамдардың жол сапарларын азайтады деген ойдамыз. Әр өңірдің бас санитарлық дәрігерінде мұндай шаралар қабылдау құқығы бар. Мұндай шаралар індеттің таралуына тосқауыл болады.

РКС: Адын-ала жолдама алған азаматтардың демалысы төтенше жағдай аяқталған соң ұйымдастырылады. Ақмолалық тауар өндірушілер өңір нарығын қамтамасыз етуді басты мақсат етіп отыр. Сырттан келетін импорт көлемі бірқалыпты. Мамандар өңір тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...