ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – РУХАНИ ҚАЗЫНА

20:21, 23 ақпан 2021

ДИКТОР: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республика көлемінде өткізілетін түрлі мәдени іс-шаралар жоспары бекітілді. Солардың бірі балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға арналған. «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты облыстық конференция ұйымдастырылды. Онда бүлдіршіндерге арналған әдебиеттің ахуалы сараланып, алда атқарылатын жұмыстардың барысы жайлы сөз қозғалды.  

РКС: Жасыратыны жоқ, смартфонға телмірген қазіргі буынды кітаппен қызықтыра қоюдың өзі қиын. Бүлдіршіндердің тілі адам түсініп болмайтын шетелдік мультфильммен шығып келеді. Ертегілер әлеміне саяхат жасайтын баланы іздесең де таппайсың. Одан қала берді еліміздің классиктерінің шығармаларынан гөрі, шетелдік әдебиетке қызығушылардың қатары көбейген. Бұл осы ғасырдың қасіретіне айналып бара жатқандай.

СНХ:ҚАЙЫРБАЙ ТӨРЕҒОЖА, «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ///қаз///Сондықтан да біз бәріміз бірлесіп, зиялы қауым бар, ақын-жазушылар бар,  бірлесіп, осы бір қазіргі қатты белең алып отырған әдеттен+скл+бойларын аулақ ұстауымыз керек. Ол үшін бізге әдебиет өкілдеріне де балаларды қызықтыратын жақсы шығармалар жазу керек. Бүкіл ұлт болып, бүкіл мектеп болып, балабақша, кітапхана болып осы бағытта қатты жұмыс істеуіміз қажет.

РКС: Өңірде балаларға арнап шығарма жазатын қаламгерлердің қатары да аз. Дегенмен, олардың туындылары бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосары сөзсіз. Дегенмен, сол шығармаларды насихаттауға келгенде енжарлық байқалады. Жергілікті балалар жазушылардың шығармаларын  электронды  түрде таныстырып, жеткіншектер арасында ынталандыру үшін байқаулар ұйымдастыруды да жандардыру керек. Конференция барысында осы мәселеге баса назар аудару қажеттігі айтылды.  

СНХ:СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ///қаз///Балаларды кінәлауға болмайды ғой,+скл+жетелеуіміз керек+скл+өзіміз тәрбиелеуіміз керек, қызықтыруымыз керек.+скл+Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мақалаларында сөйлеген сөздерінде балалар әдебиетіне көңіл бөлу керек, қолдау керек деген мәселені көтерді.+скл+ Шын мәнісінде болашағымыз балалардың қолында ғой, ертеңіміз балалар.

РКС: Қала бойынша кітапхана қорының отыз проценті ғана балалар әдебиетіне тиесілі. Оның өзінде қазақ тілінде жазылған шығармалардың үлесі аз. Қалай болған күнде де, балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру-бүгінгі күннің басты талабы.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...