ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР «PFIZER» ЕКПЕСІН АЛЫП ЖАТЫР

20:11, 24 қараша 2021

ДИКТОР:  Өңірдегі балалар мен жүкті және емізетін әйелдер «Файзер» екпесін салдырып жатыр.  № 1 қалалық емханада науқанның қалай жүріп жатқанын тілші көріп қайтты.

РКС: Пихидьколар отбасы  Файзер вакцинасын ұзақ күткен. Облысқа жеткізілгенін естіген бойда өздері тіркелген  емханаға хабарласыпты. Осылайша 17 жасар Арина мен оның  13 жастағы інісі Даниель өз таңдауларын бүгін жүзеге асырды. Аналары да маңызды сәтте жандарында бірге болды.

СНХ:  АРИНА ПИХИДЬКО, 17 ЖАСТА: Файзер вакцинасын салдырдым. Өзім қаладым. Өйткені мен тек еуропаның екпесін мойындаймын.  Көп күттім. Басында қарашада келеді деді. Кейін желтоқсан деді. Міне әкеле сала салғыздым. Қуанышымда шек жоқ.

СНХ: ДАНИЕЛЬ ПИХИДЬКО, 13 ЖАСТА:  Басында аздап қорықтым. Бірақ кейін өзімді әдеттегідей қалыпты сезініп отырмын. + Әпкем Арина осы екпені салдырам дегелі бері менің де салдырғым келді. Енді қазір бәрі оңай болғанын көріп тұрмын. Тіпті ештеңе де сезбей          қалдым.

РКС: Баласына вакцина салдыруға шешім қабылдап, емханаға келгендердің арасында облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина да бар. Ол өзінің 16 жасар қызы мен 13-тегі кіндік баласын ертіп келіпті.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Жиенім спортшы. Жарыстарға жиі барады.  Алдын ала  сақтанғаны жөн. Әрі үйде әжеміз бар. + 01:12 Ол кісі педиатр. Отбасымызда бәрі дәрігер. Сондықтан біз бұл вакицнаның балалрға еш зияны болмайтыны жақсы білеміз. Әрі сақтанудың жалғыз жолы екені даусыз.  Балаларымыз басқа да міндетті вакциналарды уақытылы алып келген. Қазір балалар коронаны ауыр еңсеріп жатыр. Сондықтан тегін екпені уақытында неге алмасқа? Әйтпесе, тек менің қызым болғаны үшін амалсыздан алып жатыр деген сөз жоқ мұнда.

РКС: «Файзер» вакцинасын алғандар да 30 минут дәргердің бақылауында болды.  Әлі 3 күн бойы ақ халаттылар олардың жағдайын біліп, хабарласып тұрады. Айта кету керек, «Файзер» екпесін әлемнің 35 елі балалар мен жүкті әйелдерге салып жатыр. Біздің өңірде де аталмыш санаттағы азаматтар бұл вакцинаны тегін салдыра алады.  

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...