ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

БАЛАЛАР СПОРТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

21:01, 21 қазан 2021

ДИКТОР: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында Бұланды ауданында  бұқаралық спорт мықтап дамыды. Бұл спорт ғимараттарының көптеп бой көтеруінен,-дейді мамандар. Сондай-ақ балалар спортына көп  көңіл бөлініп олар әртүрлі жарыстарда жеңістің биік тұғырынан көрінуде.

РКС: Жаңа оқу жылында Бұланды аудандық  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 823 өрен әртүрлі үйірмелерде жаттығу жасап жүр.Сондай-ақ өңірдің Тастыөзек және Партизанка аудандарында балалар спорт мектебінің филиалдары жұмыс істейді.

СНХ: ЕЛЕНА ПОВСТЕНКО,АУДАНДЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Тәуелсіз еліміздің болашағы бұла күші бұлқынған рухы мықты жастар арқылы қалыптасады.Солардың қатарында біздің ауданның жасөспірім спортшылары да бар. Спорт мектебіндегі 6 бөлімшеде дайындық жасап жатқан балуандар Лечи Оксаков пен Владислав Сачек әртүрлі халқыралық жарыстарды ел намысын лайықты қорғап жүр. Бокс үйірмесінде 95 оқушы дайындық жасайды. Солардың арасынан болашағына үміт күттіретін Ернұр Бүркітхан,Ақылбек Төре ,Тойбасар Жанарбекұлы және басқаларын атап өткім келеді.

РКС: Ауданда бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік мол.Әртүрлі жарыстарға баруға да қаржы жеткілікті. Жақында Бұланды ауданының бокшылары облыстық турнирде бірнеше жүлдені жеңіп қайтты.

СНХ: ОРАЗБЕК АРСЛАНБЕК,БОКС БАПКЕРІБокс үйірмесінде  95 шәкірт бар. Жаңа оқу жылында да бірнеше бала келіп шұғылданып жатыр.Жақында Степногорск қаласында іріктеу жарысы болды.Бірнеше шәкіртім жеңіске жетті.Қазірге таңда кезекті жарыстарға дайындалып жатырмыз.

СНХ: БЕКЗАТ ДӘУЛЕТОВ, БОКСШЫ:  Мен бокспен айналысқалы талай мәрте жеңіске жеттім.Спорттың бұл түрі қиын әрі қызықты.Жаттығу кезінде бокс қабын ұрғылағанды жақсы көремін.Ол сериялық соққыларды жетілдіруге септігін тигізеді.

РКС: Жергілікті спортшылар аудандық мәдениет үйінің залында аптасына 3 рет еркін және қазақ күресі бокспен жаттығып,алдағы жауапты жарыстара тыңғылықты дайындалуда

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...