ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

18:12, 2 маусым 2022

ДК: Облыс орталығында Қазақстан балалар университеті қатысушыларының бірінші республикалық слеті өтті. Балғын қонақтарды Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қарсы алды. Шараға 4 жоғары оқу орны қатысты.

РКС: Мұндай шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті . Қазақстандағы балалар жоғары оқу орындары қатысушыларының бас қосуы балалар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: Бүгін Тараз, Ақтөбе, Арқалықтан  әріптестеріміз келді . Біздің Балалар университеті 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Біз жеткілікті тәжірибе жинақтадық және оны әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз. Университеттің негізгі миссиясы – 12 жасқа дейінгі балалардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. 

РКС:  Балалар университеті жыл бойы оқушыларды қабылдайды. Оқытушылар жас ғалымдармен  ғылыми зерттеу бағытында жұмыс істейді. Бағдарлама аясында тәжірибелер жүргізіп, тіпті ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік бар.

СНХ: САУЛЕ ДАМЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Қазақстанда  алғашқылардың бірі болып – Ш.Уәлиханов атындағы балалар университеті тұсауын кесті. Бүгінде балалар университетінде  химия, физика, математика, информатика, биология және география бағыттары бойынша 180 жас ғалым білім алады.

 

РКС: Слет  аясында «Тұлпар» сауықтыру лагері мен «Бурабай» шипажайына бару жоспарлануда. Бағдарлама 2 күнге жоспарланған.

 

РИЗА ТӨЛЕГЕН АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...