
ДК: Кітапхана – рухани қазына ордасы. Қазіргі технология дамыған заманда балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту аса маңызды болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Балғындардың жеке-дара тұлға ретінде дамуына өңірдегі кітапхана желілері барынша көңіл бөлуде.
РКС: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қорында 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 11 мыңға жуық кітап қоры бар. Онда белгілі классиктердің көркем шығармаларының мол қоры жинақталған. Кітапхана қызметкерлері жазғы демалыс кезінде де оқушылармен тығыз байланыста. Олар «Әдебиет әлеміндегі демалыс», «Ашық аспан астындағы кітапхана», «Қуаныш сыйлау бір бақыт» атты жобаларды жүзеге асыруда.
СНХ:НӘЗИРА ТӘШКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Қазіргі таңда жыл бойына бізге 26 000-нан астам бала келеді. Пандемия кезінде балаларды жоғалтқан емеспіз. Сол балалар саның жыл сайын 1000-2000 балаға арттырып отырамыз. Бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.+скл+ 00:50 1-4 сыныпқа дейінгі оқушыларға арнайы жазғы лагерь аштық. 3 ай бойы кітапханаға келіп түрлі жанрдағы әдебиеттермен таныса алады.
РКС:Әнел– Көкшетаудағы № 2 мектеп-лицейінің оқушысы. Ол соңғы үш жыл облыстық кітапхананың тұрақты оқырманы.
СНХ:ӘНЕЛ ЖАҚЫПОВА, КІТАПХАНАНЫҢ ОҚЫРМАНЫ: Мен күн сайын кітапхана келіп түрлі жанрдағы кітаптарды оқимын. Сонымен қатар мен Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын, өлеңдерін де оқығанды ұнатамын. Жазғы демалыс кезінде уақытымның көп бөлігін осы жерде өткізуге тырысамын. Бұл жерде екі тілде де барлық әдебиет бар.
РКС: Алдағы уақытта да облыстық кітапханда ұл-қыздарды кітап оқуға қызықтыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Айта кету қажет, өткен жылы бұл мәдени ошаққа 26 мың жеткіншек келіпті.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ
.